Жексенбі, 28 сәуiр, 05:29

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33 – 2043
27.04.2024
PDF мұрағаты

18 шілдеге арналған жұлдыз жорамал

18.07.2023

369 0

Жұлдыз жорамалы бойынша сізді не күтіп тұрғанын біліңіз. Біздің жұлдыз жорамалымызға сүйене отырып, сіз жұмыс жоспарыңызды тиімдірек құра аласыз, жеке қарым-қатынастарыңызды дамыта аласыз және күнделікті денсаулығыңызды бақылай аласыз.

Жұлдыз жорамал: Тоқтыларды бүгін не күтіп тұр? Бүгін рационыңыздан ет пен алкогольді алып тастаңыз, кешке серуендеңіз. Ұйқыңыз жақсы болатыны сөзсіз. Жақындарыңыздың жүзіне қуаныш ұялату үшін ақша шығындаудан қорықпаңыз. Олардың қуанышы екі есе болып қайтады.

Жұлдыз жорамал: Торпақтарды бүгін не күтіп тұр? Өзіңізге немесе үйіңізге әдемі зат сатып алыңыз. Жұмыста шай/кофе ішуге шағын үзіліс жасауды ұмытпаңыз: бұл бір уақыт назарыңызды басқа нәрсеге бөліп, өнімділікті арттыруға мүмкіндік береді.

Жұлдыз жорамал: Егіздерді бүгін не күтіп тұр? Бүгін балалар үшін күрделі күн. Ата-ана сабырлық танытып, қолдау көрсетуге тиіс. Таңертең көптеген жаңа идея мен жоспарлар болады, бірақ асықпаңыз: олардың бәрі сіз ойлағандай жақсы болмауы мүмкін. Жоспарыңызды жүзеге асыруға кіріспес бұрын, бәрін мұқият қарап шығыңыз. Сенімді адаммен кеңесіңіз.

Жұлдыз жорамал: Шаяндарды бүгін не күтіп тұр? Бүгін сізде ипохондрия ұстамасы болуы мүмкін, бірақ уайымдамаңыз, денсаулығыңыз сіз ойлағандай нашар емес. Көбірек су ішуге тырысыңыз, оның денсаулығыңызға қаншалықты оң әсер ететінін көресіз.

Жұлдыз жорамал: Арыстандарды бүгін не күтіп тұр? Бүгін суретке түсу үшін тамаша күн: сіз сәтті ракурстарды оңай тауып, өзіңізге ұнайтын фотосуреттер жасай аласыз. Сізді ұзақ жылдар бойы қолдаған достарыңызды бағалаңыз және олардың ескі кемшіліктеріне көз жұма қараңыз.

Жұлдыз жорамал: Бикештерді бүгін не күтіп тұр? Секонд-хенд дүкенінен жаңа нәрсе іздеуден ұялудың қажеті жоқ: ол жерде қолжетімді бағадағы сапалы заттар жиі кездеседі. Әріптестермен кофе-брейктерге бейжай қарамаңыз, бұл сіздің мансап бойынша кенеттен көтерілуіңізге себеп болуы мүмкін.

Жұлдыз жорамал: Таразыларды бүгін не күтіп тұр? Жұмыс үстеліңізді ретке келтіріңіз, сонда жұмыс істеп жатқаныңызда сізді ештеңе алаңдатпайды және өнімдірек жұмыс істейтін боласыз. Тоқтап қалған жұмысыңызды жандандыруға достарыңыздың өздері көмектеседі.

Жұлдыз жорамал: Сарышаяндарды бүгін не күтіп тұр? Бүгін майда-шүйде мәселелерде сабырлық пен даналық танытуыңыз оларды тез әрі жеңіл шешуге мүмкіндік береді. Күннен қорғайтын сапалы көзілдірік пен компьютерлік көзілдірік сатып алыңыз: көзіңізді қорғау – өз денсаулығыңызға салынған баға жетпес инвестиция.

Жұлдыз жорамал: Мергендерді бүгін не күтіп тұр? Ақылға құлақ асыңыз, өз күшіңізді асыра бағаламаңыз, әсіресе қаржы мәселесінде. Жағдайды дұрыс бағалауға тырысыңыз. Сәтсіздікке жол бермеңіз және өзіңізді тығырыққа тіремеңіз. Егер сіз қандай да бір романтикалық дәстүрді бастағыңыз келсе, бүгін бұл үшін ең жақсы күн: серіктесіңіз сіздің бастамаңызды қолдауы әбден мүмкін.

Жұлдыз жорамал: Тауешкілерді бүгін не күтіп тұр? Созылмалы ауруларыңыз қайта асқынуы мүмкін. Жағдайыңыз нашарлап кетпес үшін маманға жүгініңіз. Денсаулығыңыз жақсы болуы үшін оған көбірек мән беріңіз. Кешке спортпен шұғылдану жақсы ұйықтауға септік болмақ.

Жұлдыз жорамал: Суқұйғыштарды бүгін не күтіп тұр? Балаларыңыз бен ата-анаңыздың өзара қарым-қатынасының жақсы болғанын қадағалаңыз. Олардың бірінен бірі үйренері көп. Отбасы мен балаларға берген уәделеріңізді ертерек орындаңыз, бұл үшін сізде тамаша мүмкіндік бар. Жұлдыз жорамал: Балықтарды бүгін не күтіп тұр? Ескі достарға уақыт табыңыз, оларды кездесуге өзіңіз шақырыңыз. Бастаманы өз қолыңызға алыңыз, сізді бәрі жақсы қабылдайтын болады. Сән қумаңыз, өз стиліңізді сезініңіз, бұл сізге керемет көрінуге және бір айдан кейін-ақ сәннен шығып қалатын трендтік заттарды сатып алмай, ақшаңызды үнемдеуге мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі: kaz.nur.kz

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: