Дүйсенбі, 17 маусым, 13:21

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№47-2057
15.06.2024
PDF мұрағаты

Бағалай білсең, бақ келер

16.01.2024

283 0

«Отбасы – шағын мемлекет,

Мен – президент, сен – премьер» деп жалынды ақын Қасым  Аманжолов жырлағандай отау құрған отбасылардың бақыты өз қолында.  Қазір қоғамда өз орнын тауып, еңбек етіп, отауының шырағын жағып, үлгілі бала тәрбиелеп, елге өнеге көрсетіп отырған отбасылар бар.  Сондай мерейі тасыған отбасының бірі – «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының қалалық кезеңіне қатысушы қала тұрғындары Иманғалиевтар отбасы.

Құтты шаңырақтың отағасы – Жарас Иманғалиев. Ол  1977 жылы Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Лепсі станциясында дүниеге келген. Электромонтер мамандығы бойынша курс оқып, Қазақтелеком компаниясында 1-разрядты электромеханик болып жұмыс істейді. 2005 жылдан аяқкиім жөндеп,  өз кәсібін бастаған. Қандай жұмысқа бесаспаптығымен бейімделген. 2010 жылы жұбайы Рәзия Иманғалиевамен шаңырақ көтереді. 2015 жылы Жаппасбай батыр көшесіндегі №179А үйден пәтер алып, Қызылорда қаласына көшіп келеді. Сол уақыттан бері «Қызылорда тазалығы» мекемесінде аула сыпырушы болып еңбек етеді. Бүгінде ерлі-зайыптылар 6 бала өсіріп, тәрбиелеп отырған өнегелі отбасы. Балалары оқу озаты, мектеп белсендісі. Рәзия өзі көрген қиындық пен жетімдіктің азабын бала­ларым көрмесе екен дейді. Сол үшін балаларына барынша жақсы тәрбие беруден жалыққан емес. Өзі талай қиындықты басы­нан өткізіп, көп­балалы отбасы болуды бала кезінен армандады. Қазір сол арманына жетіп отырғанын қуана жеткізді. Балаларын үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсетуге, еңбекқорлыққа, ұқыптылыққа, қайырымды, бауырмал болуға үйретіп келеді.

Соның арқасында бұл жарасымды отбасының  ауласы жасыл желекке айналып, жайқалып тұр. Балаларының жетістіктері көңіл қуантады. Шетінен өнерпаз. Бала­ларының талантын байқаған ата-анасы №7 мектепте білім алып жатқан Ілиясты домбыра үйірмесіне жаздырады.  Ал қызы №7 мектеп-лицей оқушысы Ғалия Иманғалиеваны фортепиано сыныбына берген. Отбасында гүлдей жайқалып келе жатқан Ғалия мен Ілияс өз аулаларына күтім жасап, өзге көршілеріне үлгі көрсетуде. Иманғалиевтар отбасы әрдайым белсенділік көрсетіп, көршілерін өз ауласын жайқалтуға үндеп келеді.

– Аула таза болса, гүлдер жайқалып тұрса көңілің көтеріліп жүреді. Басқа көршілерге де ауланы баптап, гүл өсірудің қыр-сырын айтып отырамын. Қала құрғақ болғандықтан есіктің алдын гүлмен көмкеру өте пайдалы. Балаларымыз да өзімізбен бірге еңбек етуден жалыққан емес. Оларды жастай еңбек етуге баулысаң, ер жеткенде өз ауласын ұқыпты ұстауға машықтанады. Тек еңбекке ғана емес, қазақтың қара домбырасын да үйреніп, ән айтып жүр. Мектепте де оқуын жақсы меңгерген. Бала деген ата-ананың көз қуанышы ғой, – дейді отанасы Рәзия.

Ұлағатты ұл, инабатты қыз өсіріп отырған Иманғалиевтар отбасының өнегелі ісі баршаға үлгі.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: