Сенбі, 27 сәуiр, 15:29

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33 – 2043
27.04.2024
PDF мұрағаты

Психолог елімізде кең тараған стереотиптерді атады

23.01.2024

369 0

Сурет: Massaget.kz

Танымал коуч, кәсіпкер және психолог Роза Әшірбаева күйеуі ұратын әйелдерге, оның ата-аналарына және қол көтеретін ерлерге кеңес берді, – деп хабарлайды Massaget.kz. 

Психолог Роза Әшірбаева ерлердің әйелді ұруы жайлы өзінің инстаграм парақшасында жазды.

Маман халық арасында кең тараған стереотиптер жайлы айтты.

«Әйел тілін тартпайды, өзі кінәлі…

Еркекті шешесі дұрыс тәрбиелемеген, анасы кінәлі…

Үйі мен күйі жоқ болған соң ашуланып ұрады, мемлекет кінәлі…

Еркекті алдағаны үшін, әйел өтірікші…

Көзіне шөп салғаны үшін, әйел кінәлі…

Мас болып ұрады, арақ кінәлі…

Еркектің көңілінен шықпағаны үшін, ол нашар әйел…

Сіз бен біздің білетін жауаптарымыз осы. Қызық… қылмыс жасап, қол көтеретін басты кейіпкер – еркек, бірақ адамдар, тіпті заң өкілдері оны ешқашан кінәламайды.

Билік кімнің қолында болса, соныкі әрқашан дұрыс. Ғасырлар бойы еркектер өздерін әйелден артық көріп, «еркек бір саты жоғары» деген мифтарға бәрін сендіріп, өзінің жасаған қатігездігін ақтап келді», – деп жазды Роза Әшірбаева.

Психолог қол көтеретін ер адамдарға кеңес берді.

«Әйелің тілін тартпай ма? – сен онымен сөйлесе алмайсың, қолыңды тарт!

Саған шешең тәрбие бермеді ма? – енді өзіңді тәрбиеле, сен бала емессің!

Ақшаң жоқ болып қиналып тұрсың ба? – қолыңды тарт, басыңды істет!

Әйелің өтірік айтты ма? Ол саған сенбейді деген сөз. Ол сенен қорқады. Сенен қорқатын адам ешқашан саған шыншыл болмайды. Қатыгездігіңмен жұмыс істе.

Көзіңе шөп салды ма? Ажырас!

Мастықпен ұрдың ба? Емдел!

Көңіліңнен шықпай ма? Отбасылық психологқа бар, сөйлес, себепті өзіңнен ізде. Отбасын барынша сақта!

Осындай логикалық және нақты шешімдер қолыңнан келмей ма?
Үйленбе, яғни сенің отбасылы болуға 🍑 шыдамайды», – дейді маман.

Сондай-ақ психолог біреудің адамды қорлап жатқанын көрсеңіз немесе білсеңіз, мұндай жағдайға бей-жай қарамауға шақырды.

«Қыздар, ешқашан ұрып-соғуға көнбеңдер! Өзіңді қорға! Кетіп қал!

Ата-аналар, қыздарыңызды айдаладағы біреуге қорлатып қоймаңыздар! Оның көз жасы тек есерсоқ күйеуін ғана емес, сізді де жібермейді…

Әйел ең бірінші кезекте адам, содан кейін қызың, қарындасың және анаң…

Адам адамға қол көтерсе қылмыс!
Еркек әйелді ұрса – қылмыскер деген сөз!

Адам адамды қорлап жатқанын көрсеңіз, көзді жұмбаңыз, араша болыңыз», – деп кеңес берді Роза Әшірбаева.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: