Бүгінгі таңда есірткі қылмысы мен нашақорлық мәселесі өте өзекті. Қазіргі жастар арасында синтетикалық есірткі көп тараған. Осы дерттің алдын алу үшін құқық қорғау органдарына тапсырмалар жүктелген. Қызылорда станциясындағы желілік полиция бөлімінің есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл тобының қызметкерлері «Есірткіге қарсымыз» тақырыбында қызмет ету аймағындағы темір жол вокзалында темір жол мекемелерінің қызметкерлеріне және жолаушыларға түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл тобының қызметкерлері Қызылорда станциясындағы темір жол вокзалы қызметкерлеріне есірткі қылмысы тақырыбында, яғни есірткінің зияндығы мен қауіп-қатерін, нашақорлыққа шалдығудың салдарын және есірткінің қоғамға зияндылығын, сонымен қатар жастар арасындағы әлеуметтік желі арқылы синтетикалық есірткі заттарының айналымы белең алып бара жатқандығын айта отырып, осы жүйедегі құқық бұзушылықтар үшін белгіленген жауапкершілікті түсіндіріп, салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!