Сенбі, 21 желтоқсан, 20:36

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Уақыттың сиқыры: 15 қарапайым тәсіл

10.03.2021

1228 0

Таңертең

1. Таңды тыныштықпен бастаңыз. Ояна салып ешкіммен сөйлеспеңіз. «Түндегі тәжірибе таңертең даналыққа айналады» дейді.
2. Терезені ашыңыз. Үйге таза ауа кірсін. Таза ауа сіздің тәніңізбен қоса жаныңызды да оятады.
3. Көзіңізді салқын сумен жуыңыз. Сонда көзіңіз де, көңіліңіз де жас болады. Ал ақылыңыз арта түседі.
4. Төсектен атып тұрмаңыз. Алдымен бір қырыңызға аунаңыз, сосын ақырындап көтеріліңіз. Сонда түні бойы жинаған энергияңызды жоғалтпайсыз.


Күндіз


1. Көрінген адамның көзіне қарамаңыз, шаршап қалуыңыз мүмкін.
2. Жұмысқа немесе маңызды істерге кетіп бара жатқанда артыңызға қарамаңыз. Сол кезде сіз күшіңізді жоспарланған ісіңізге арнайсыз.
3. Бір жерге барғанда өзіңізбен бірге тұмар сияқты нәрсе алып жүріңіз. Бойтұмардың екі түрін қолдануға болады. Біреуі сырт көзге көрініп тұрады. Ал екіншісін киіміңіздің ішкі жағына немесе қалтаңызға салып алыңыз.
4. Егер сізді маңызды іс (емтихан, сұхбат, т.б) күтіп тұрса, қалтаңызға қатты ұшталған кішкене қарышдаш салып алыңыз. Сұрақтың жауабын білмей қалсаңыз, сұрақты ойлап отырып, қарындаштың ұшына назар аударыңыз. Сұрағыңызға бірден жауап табасыз.
5. Егер көп адамның арасында өзіңізді біртүрлі сезініп, қорықсаңыз, кішкентай қағазға шеңбер, оның ортасына нүкте салыңыз. Енді нүктені өзіңіз, ал шеңберді сіздің қорғанышыңыз деп елестетіңіз. Қағазды қауіпті жерден шыққанша қалтаңызға салып қойыңыз.


Кешке


1. Жұмыстан үйге келгенде міндетті түрде үйіңізбен амандасыңыз. Оралғаныңызға қуанышты екеніңізді айтыңыз. Сонда кешіңіз жақсы өтеді.
2. Кешке үй жинамаңыз, қоқыс шығармаңыз. Бұл уақытты демалыс пен тыныштыққа арнаңыз.
3. Күн батқан кезде ұрсыспаңыз. Ұрыс ертеңге дейін созылып кетуі мүмкін.


Түнде

                                                                
1. Жаман түстен, жағымсыз ойлардан арылғыңыз келсе жастығыңыздың астына бір бас сарымсақ қгойып қойыңыз.

2. ұйықтар алдында майшам жағып қойып, отына бірер минут қарап отырыңыз. Қорқынышыңыздың өртеніп, күлге айналғанын елестетіңіз. Сонда жақсы ұйықтайсыз.

3. Егер нашар түс көрсеңіз, салқын сумен жуынып, мына сөзді айтыңыз: «Түс қорқынышты болса да, Құдай мейірімді. Түн қайда кетсе, түс те сонда кетсін». Осы сөзді айтсаңыз, түсіңіз өңіңізге айналмай, түнмен бірге кетеді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: