Сәрсенбі, 24 шiлде, 10:28

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№58-2068
23.07.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада полицейлер 76 аң аулау қағидаларын бұзу деректерін анықтады

20.12.2021

824 0

Желтоқсан айының 1-31 күндері аралығында облыс көлемінде «Киік» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Іс-шараның мақсаты – табиғатты қорғау заңнамасын бұзушылықтарды, биологиялық ресурстар объектілері мен өнімдерінің заңсыз айналымының алдын алу, анықтау болып табылады.

Іс-шараға арнайы мобильдік топ құрылып, жұмылдырылды. Облыс бойынша барлығы 76 заң бұзушылық анықталды. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 382-бабының 1-бөлігімен (аң аулау ережелерін бұзғаны) үшін 75 азаматқа қатысты әкімшілік шара көрілді.

Сонымен қатар, ҚР қылмыстық кодексінің 337-бабы 1-бөлігімен 1 қылмыстық іс анықталып, тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.

Мысалы, Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Кейден ауылының батыс жақ беткейінде орналасқан “Қара сопы” деп аталатын жерде түнгі уақытта тәртіп сақшылары жабайы қояндарды заңсыз аулаған Жаңақорған ауданының үш тұрғынын ұстады. Заттай дәлелдеме ретінде браконьерлерден 12 калибрлі 2 аңшылық мылтық, прожектор алынды. Қазіргі таңда аталған заңсыз аңшылық дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.

Облыс полицейлері азаматтарды табиғатты қорғауға шақырады және жабайы жануарлар мен өсімдіктерді (оның ішінде ҚР Қызыл кітапқа енгізілген) заңсыз аулағаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын еске салады.

«Полиция департаменті аң және балық аулау талаптарын бұза отырып, қоршаған ортаға елеулі зиян келтіру әрекеттері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартуға әкеліп соқтыратын ескертеді. Егер сізде браконьерлік жағдайлары туралы қандай да бір ақпарат болса, дереу полицияның “102” нөміріне хабарласыңыз»-дейді Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы Сұлтан Бектөре.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: