Сейсенбі, 16 сәуiр, 16:00

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2040)
16.04.2024
PDF мұрағаты

«Есірткісіз әлем керемет» ұранымен граффити байқауы ұйымдастырылды

30.10.2022

563 0

Қызылорда облысының ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасымен оқу орындарының оқушылары мен колледж студенттері арасында «Есірткісіз әлем керемет» атты граффити байқауы ұйымдастырылды.

Байқаудың бірінші кезеңі аймақтарда өтті, екінші облыстық кезеңге 12-18 жас аралығындағы 19 топ қатысты, олар нашақорлық проблемасына көзқарастарын білдірді.

Қатысушылар граффити суреттерін қабырғаға емес, импровизацияланған материалдарға: қағазға, матаға, баннерге салды.

Комиссияның шешіміне сәйкес 7 топ ынталық үшін алғыс хат иеленсе, 12 -сі жеңімпаз болып танылды. Оларға сыйлық пен дипломдар табысталады.

«Үздік граффити» номинациясы және 1 орынды иеленген: Әбдiразақ Диана, Сайлау Iңкәр, Әнуар Нұрсұлтан, Смайл Шыңғыс, Шиелі ауданының №149 орта мектебі мен №48 мектеп – лицейінің оқушылары, Мұханбетқали Жұлдызай, Махмұт Бибінұр Қызылорда қаласының №176 орта мектебінің оқушылары.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: