Бейсенбі, 02 мамыр, 10:50

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Қорғаныс министрі Қызылорда облысына іссапармен келді

25.09.2022

627 0

Қорғаныс министрі жұмыс сапарымен елдің оңтүстігіне барды Қорғаныс министрлігінің комиссиясы генерал-полковник Руслан Жақсылықовтың басшылығымен Қызылорда облысындағы әскери нысандарда болып, Түркістан қаласына сапар шекті.

Қызылордада қорғаныс ведомствосының басшысына әскери бөлімнің атқаратын міндеттері мен жауынгерлік мүмкіндіктері, оқу-жаттығу жауынгерлік қызметінің барысы туралы баяндалды.

Министр әскери инфрақұрылым нысандарының жағдайына ерекше назар аударып, штабтың жұмысымен, әскери қызметшілердің тамақтану жағдайымен танысты.

Генерал-полковник Руслан Жақсылықов сондай-ақ жауынгерлік машиналар паркіндегі әскери техниканың жай-күйі мен оларды ұстау тәртібін, қаруды сақтау жағдайын тексерді. Сонымен қатар, қорғаныс ведомствосының басшысы оқу-жаттығу алаңдарын аралап, олардың практикалық сабақтарға дайындығын да тексерді.

Сапар соңында министр жеке құрамның жауынгерлік оқу сапасын арттыру, жауынгерлік даярлықтың оқу-материалдық базасын жетілдіру, оқу-жауынгерлік тапсырмаларды орындау кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау жөнінде бірқатар нұсқаулар берді.

Түркістанда Қорғаныс министрі Халықаралық әуежай ғимараты мен «Түркістан» әскери секторын салуға жоспарланған аумақты аралап көріп, алдағы жұмыстарға қатысты мәселелерді талқылады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: