Сәрсенбі, 17 сәуiр, 04:15

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2040)
16.04.2024
PDF мұрағаты

Мұнай өнімдерін заңсыз өткізген азаматшаға сот үкімі шықты

21.12.2022

379 0

Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті шығарылу заңдылығын растайтын құжаттарсыз мұнай өнімдерін тасымалдау, иемдену және өткізуге қатысты қылмыстық істің тергеуін аяқтады.
Тергеу барысында анықталғандай, кәсіпкер М.Дүзелбаева 2017 жылдан бастап өз кәсібін жүргізе отырып, мемлекеттік сатып алу порталы арқылы ондаған мекемелермен дизель сұйық отынын жеткізіп беруге келісім шартқа отырған. Алайда, заңды қызметі аясында, 2019 жылдан бастап 2022 жылдың мамыр айына дейінгі аралықта 28 мемлекеттік мекемеге, 1 заңды тұлға мен 2 жеке тұлғаға заңсыз жолмен, яғни заңдылығын растайтын құжаттарсыз жалпы сомасы 274 млн 36 мың теңгенің дизель сұйық отынын тасымалдап, заңсыз жолмен табылған мүлікті заңдастырған.
Бұл заңсыз іс-әрекет ҚР ҚК-нің 197 бабы 4 бөлігінің 2) тармағымен (мұнайдың және мұнай өнiмдерiнің шығарылу заңдылығын растайтын құжаттарсыз аса ірі мөлшерде және бірнеше рет тасымалдау, иемдену, өткiзу, сақтау, сондай-ақ мұнайды қайта өңдеу) және 218 бабы 3 бөлігінің 3) тармағымен (қылмыстық жолмен алынған ірі мөлшердегі ақшаны және (немесе) өзге мүлікті заңдастыру) сараланды.
Сотқа қылмыстық іс түскеннен кейін сотталушы М.Дүзелбаева кінәсін толық мойындау туралы мәміле түріндегі процессуалдық келісім жасауға өтініш білдірген. Сонымен қатар, өз кінәсін толықтай мойындап, шын жүректен өкінетінін білдірген және тағайындалған жазамен келіскен.
Жалағаш аудандық сотының үкімімен М.Дүзелбаеваға 5 (бес) жыл мерзімге шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды және осы уақытқа пробациялық бақылау белгіленді.

ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі
Қызылорда облысы бойынша ЭТД

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: