Бейсенбі, 04 шiлде, 13:27

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№52-2062
02.07.2024
PDF мұрағаты

«Өлтірерден бұрын гүлмен келген»: пышақталған медбикеге қатысты жаңа дерек

09.08.2023

382 0

Алматы облысында Қарасай ауданы ауруханасында пышақтап кеткен мейірбикеге қатысты жаңа деректер пайда болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Ауруханадағы әріптестері марқұмның Қарасай ауданына қарасты Қошмамбет ауылында пәтер жалдап тұрғанын айтады. Айтуларынша, ауылда ер адаммен тұрған болуы мүмкін. 

“Бірақ сол ер адам ұрып-соғып маза бермепті. Қошмамбеттегі жалдамалы пәтерінен бір апта бұрын көшіп кетіпті», – дейді олар. 

Марқұм мейірбике Қарасай аудандық ауруханасының перзентхана бөлімінде жұмыс істеген екен. 

«Өте қарапайым, ешкіммен қақ-соғы жоқ, жақсы маман болатын. Қайғылы оқиға болған күні ер адам қызметтік есіктен кіріп, пышақтаған соң сол есіктен шығып кеткен. Ал аурухананың орталық есігінде күзетші болды, бірақ күдікті ол есіктен кірмеген», – дейді аурухана басшылығы.

Дәрігерлердің сөзінше, қылмыстық оқиға болардан бұрын күдікті гүл әкеліп, аурухана маңында бір күн аңдып жүрген. 

«Оқиға болардан 4 күн бұрын сол ер адам қолында шоқ гүлі бар, аурухана маңын торуылдап жүрді. Мейірбике Қаскелеңде пәтер жалдап тұрды. Екі бойжеткен қызы бар, екеуі де жоғарғы білімді. Күйеуімен ажырасып кеткен, оның бөлек отбасы бар. Мейірбикенің басы бос болған», – дейді дәрігерлер.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: