Бейсенбі, 25 сәуiр, 14:38

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Дауыс беру жалғасуда

10.01.2021

5273 0

Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауы өтуде. Қызылорда қаласындағы №369 сайлау учаскесінде де тұрғындар таңертеңнен бері өз таңдауын жасап, қалаған партиясына дауыс беруде.

– Сайлау учаскесі барлық талаптарды сақтап, жұмыс істеуде. Таңғы сағат 7.00-ден бастап тұрғындарды қабылдап жатырмыз. Тізім бойынша №369 сайлау учаскесіне 1216 азамат тіркелген. Қазіргі таңда 600-ден астам сайлаушы өз таңдауын жасап үлгерді, – деді №369 учаскелік сайлау комиссиясының төрайымы Ақмарал Сабырқызы.

Комиссия мүшелерінің сөзінше, учаскеде 18-ге толған және ең жасы үлкен сайлаушыға сый-құрмету жасау жұмысы жүргізілген. Сондай-ақ, 5 комиссия мүшелері мен тәуелсіз бақылаушылар сайлаудың әділ өтуін бақылауда.

Айта кетейік, дауыс беру бүгін сағат 20.00-ге дейін жалғасады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: