Жұма, 19 сәуiр, 12:26

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2040)
16.04.2024
PDF мұрағаты

Суға кетуден сақтан

20.05.2023

802 0

Енді бірер аптадан соң оқу жылы аяқталып, оқушылар жазғы демалысқа шығады. Бұл балалардың суға түсуге асығатын кезеңдері. Осы орайда қалалық білім бөлімі мен Төтенше жағдайлар басқармасы «Су айдындарындағы қауіпсіздік» тақырыбында мектеп басшылары мен тәрбие орынбасарларына семинар өткізді.

Семинарға қалалық білім бөлімінің басшысы Ерлан Теңізбайұлы мен Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы под-полковник Жасұлан Түйменов қатысты.
Жиында мамандар су айдындарындағы қауіпсіздік, балалардың қауіпсіздігі, ата-аналармен және тиісті сала мамандарымен бірлесіп атқаратын жұмыстар туралы түсіндірілді. Сондай-ақ жаз мезгілінде балаларды үлкендердің қарауынсыз өзенге, каналға жібермеу, балаларға су айдынындағы қауіпсіздік ережелерін үйрету қажеттілігі, балаларды қауіпті жағдайлардан қорғау керектігін айтты.
– Қызылорда қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы ұжымының атынан сіздерден, барлық оқытушыларға күнделікті мектеп оқушыларына белгіленбеген аймақтарда суға шомылуға болмайтындығы жөнінде және судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау туралы үнемі сабақ өткізуді және оқытушылар, WhatsАрр немесе Instagramm әлеуметтік желілері арқылы оқушылардың ата-аналарымен тікелей байланысып, бала¬ларды қараусыз қалдырмау жөнінде түсіндіру бойынша тапсырма берулеріңізді сұраймыз, – деді басқарма басшысы.
Сонымен қатар «Суға шомылу ережелері» бұрышы ұйымдастырылып, құтқару ережесі мен алғашқы дәрігерлік көмек беру тәртібі туралы жедел құтқару жасағы мен «Апаттар медицинасы» орталығының мамандарының қатысуымен де түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: