Бейсенбі, 25 сәуiр, 03:58

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Тәуелсіздік тынысы тарылмайды

06.01.2021

4857 0

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың  «Тәуелсіздік – бәрінен қымбат» мақаласы ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналады.

          30 жылда  «Біз қандай жетістіктерге жеттік, мемлекетімізді нығайту  үшін тағы не істейміз?» деген сұрақтарға президент өз ойын білдіреді. Тәуелсіздіктің  баға жетпес байлық екенін айта келіп, оның құндылығынмәңгі сақтау үшін өскелең ұрпақ оның қадірін білу

керектігін нақтылап айтты.

Тәуелсіздік жолында ата – бабаларымыз  талай нәубетті басынан кешірді, осының бәрі халықтың есінде сақталып, ұрпақтан – ұрпаққа  берілуі тиіс. Тәуелсіздік тарихы әлі толық зерттеліп біткен жоқ. Онымен тек саясатшылар емес, тарихшыларда айналысуы тиіс. Биыл  Тәуелсіздікке 30 жыл, Желтоқсан  оқиғасына 35 жыл толады. Осыған байланысты президент  қандай жұмыстар атқарылуы керек екендігіне тоқталды.

Президент атап көрсеткен үш құндылықты  –  жеріміз, тіліміз, бірлігімізді  көздің қарашығындай сақтау  әрбір  қазақстандықтың  парызы мен міндеті. Тәуелсіздігіміздің мерей тойы  қарсаңында, қазақ халқының бір туар тұлғаларын еске алып, олардың мұрасын жастарымызға, өскелең  ұрпаққа паш ету біздің міндетіміз.

Президент  өз мақаласында «Біздің мақсатымыз – келер ұрпаққа Қазақстанды тұғыры мығым, экономикасы қуатты, рухы асқақ мемлекет ретінде  табыстау және елдік істерді шашау шығармай  лайықты жалғастыратын жасампаз ұрпақ тәрбиелеу» деп атап көрсетті.

«ХХІ  ғасыр білім мен біліктің дәуірі». Әр адам өзін үздіксіз жетілдіріп, жаңа кәсіптерді игеріп, үнемі заман  ағымына бейімделу арқылы ғана бәсекелік қабілетін арттыра алады. Білім мен технология, жоғары еңбек өнімділігі ел дамуының басты қозғаушы күші  болуға тиіс.

«Тәуелсіздік бәрінен қымбат!» деген бір ауыз сөз мәңгі ұранымыз болуы керек. Жас ұрпақты  өз отанын сүйетін, өткенін зерделеп, келешегін кемел ететін патриоттық сезімге бай тұлға етіп тәрбиелеу  әрбір қазақстандықтың  ортақ парызы,  міндеті .

Осы орайда №176 орта мектебінің ұстаздары да  мақаладағы  Президенттің ой – тұжырымдарынелектен өткізіп, қолдау  білдірді. Тәуелсіздіктің қадірін білу, оны бағалап, сақтап ұрпақтан – ұрпаққажеткізу бүкіл қоғамның, білім ошақтарының, ұстаздар мен ата-аналардың, әрбір азаматтың міндеті мен борышы деп есептейміз. Тәуелсіздігімізді сақтап, оны нығайту жолында жас ұрпаққа тәлім- тәрбие беруде ұстаздардың еңбегі ерекше. Президенттің бұл мақаласы бізді  жігерлендіріп, болашаққа деген сенімімізді нығайта түседі.

 Қадыргүл Шаймағанбетова,

№176 орта мектебінің директоры

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: