Сәрсенбі, 24 шiлде, 02:23

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№58-2068
23.07.2024
PDF мұрағаты

ҚАЖД саласы қызметіне жаңадан келген қызметкерлердің қателікке жол бермеуі үшін әңгімелесу жұмыстары жүргізілген

21.08.2023

344 0

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД №37 мекемесінің Бақылаушылар қызметі бөлімінің бастығы әділет майоры Жандос Әбдіқайыров бақылаушылар бөліміндегі қызметке жаңадан қабылданған қызметкерлердің жанұядағы психологиялық жай-күйін біліп, тұрмыстық жағдайына қарай жемқорлыққа деген тәуекелдерін бағалау үшін мекеме қызметкерлерінің отбасы тіршілігімен танысты.
Апта басында жас жеке құрам мүшелерінің тұрмыс-тіршілігімен танысып, ата-анасы, жұбайлары арасындағы қарым-қатынасты бағамдап қайтты. Солардың бірі – Бақылаушылар бөлімінің бақылаушысы Оспанов Дінмұхаммед Әбибуллаұлы. Отбасы мүшелерінің бірқатары құзырлы органдарда қызмет ететіндіктен, жұмыстың қаншалықты қиын екені олар үшін жақсы таныс.
– Екі балам да ҚАЖ саласында мемлекеттік қызметте болса да, бөлім бастығы осылай шаңырағымызға келіп, отбысымыздың жай-күйімен танысты. Бұл мекеменің қызметкерлеріне бей-жай қарамайтынының белгісі. Баламның жұмысы қиын екенін білемін. Анасы ретінде ақылымды да айтып отырамын. Бос уақытта үйдің шаруасымен айналысады. Ешқандай жаман әдеті жоқ, – деді анасы.
Өз міндетін жауапкершілікпен атқарып жүрген жас маманның отбасы мүшелерімен қарым-қатынасын бағамдап, қызметте де, бос уақытында да қателікке жол бермеуге шақырды.
Мекеме әкімшілігі жеке құрам қызметкерлерінің тұрмыстық жағдайын, сыбайлас жемқорлыққа тәуелділігі жоқтығын, сонымен қатар, отбасы мүшелерімен жылы қарым-қатынаста екенін білу мақсатында жиі олардың отбасыларымен кездесіп әңгімелесу жұмыстарын жүргізеді

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: