Дүйсенбі, 09 желтоқсан, 08:32

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№97-2107
07.12.2024
PDF мұрағаты

Запастағы офицерлерді әскерге шақыру қалай жүргізіледі?

05.02.2023

858 0

Сурет: qyzyljarnews.kz

Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің офицері Арман Смағұлов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазіргі таңда елімізде запастағы офицерлерді әскерге шақыру жүргізіліп жатқаны белгілі. 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің биылғы қаулысына сәйкес 345 адам әскери қызметке шақырылуға тиіс. Оның ішінде 260 адам Қарулы күштерге, қалғандары төтенше жағдайлар министрлігі, Ұлттық ұлан және Шекара қызметіне шақырылады. Нақты тізім жасалмайды, өйткені олар жыл бойы өтетін іріктеулерден соң, шақырылады, – деп түсіндірді Кадрлар департаментінің офицері. 

Сонымен қатар ол бұдан былай запастағы офицерлерді әскерге шақыру қалай жүргізілетініне тоқталып өтті. 

Запастағы офицерлердің бәрінде әскери билеттер бар. Әскери билет ол мерзімсіз жеке әскери есепке алынған құжаттар. Әскери есептік құжат әскери қызметке шақырудан босатпайды. Жалпы әскери қызметке шақыру жергіліктік әскери басқару органдарымен жүргізіледі. Әскери есепте тұрған азаматтарға шақыру қағазы беріледі. Сол шақыру қағазы бойынша олар аталған мерзімде органға келуі міндетті. Әрі қарай лауазымды адамдар, олардың жеке істерін рәсімдейді. Олардың материалдарын осы Қорғаныс министрлігінің Кадрлар департаментіне жолдайды. Жалпы запастағы офицерлерді әскери қызметке шақыру талаптарына, оның ішінде жас ерекшеліктеріне келсек, 29 жасқа дейін, медициналық қызметтегі офицерлер 32 жасқа дейін шақырылады. Денсаулық жағдайы, отбасы жағдайы, бәрі де ескеріледі. Шақыру комиссиялары бәрін жан-жақты қарайды, – деді Арман Серікбайұлы. 

Айтуынша, әскери борышын өткеруге аттанатын азаматтардың бұрынғы жұмыс орындары сақталмайды.

Өйткені олар әскери қызметке кіргеннен кейін келісімшарт бойынша әскери қызметшілермен бірдей ақшалай жалақы алады. Барлық әскери қызметшілерге міндеттелген әлеуметтік пакет оларға да тиесілі болады. Сондықтан банк алдындағы берешектері, ипотекасы бойынша өтейді. Демек, шарт бойынша өтейді. Олар 24 айға, яғни екі жылға шақырылады, – дейді Қорғаныс министрлігінің өкілі. 

Сондай-ақ запастағы офицерлер әскери борышын өтеуге тұрғылықты мекен-жайы бойынша шақырылуы мүмкін деп отыр. 

Тұрғылықты мекенжайы бойынша да шақырылуы мүмкін. Бірақ бізде запастағы офицерлер бүкіл Қарулы күштердің мекемелері мен бөлімшелеріне тағайындалады. Ол әскери бөлімдер әр қалада, әр облыста бар. Қай әскери бөлімге сондай әскери маман қажет соның бәрі қарастырылады. Әскерге шақыру науқаны жылдың соңына дейін жүргізіледі, – деді офицер. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: