Бейсенбі, 28 наурыз, 21:29

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен азаматтық істерді қарау тәртібі

22.12.2022

632 0

        сурет ашық дереккөзінен алынды

Сотта оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қаралатын талап Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 267-2 бабында көрсетілген негіздерде – егер талап қою бағасы заңды тұлғалар үшін – екі мың айлық есептік көрсеткіштен, дара кәсіпкерлер, азаматтар үшін бір мың айлық есептік көрсеткіштен аспаса, ақшаны өндіріп алу туралы талап қоюлар бойынша,    талап қою бағасына қарамастан, талап қоюшы ұсынған, жауапкердің ақшалай міндеттемелерін белгілейтін құжаттарға және (немесе) шарт бойынша берешекті растайтын құжаттарға негізделген талап қоюлар бойынша істер оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қаралуға жатады.  Егер Кодекстің 267-1-бабы үшінші бөлігінің 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген мән-жайлар болмаса, талап қою ісін жүргізудің өзге де істері тараптардың өтінішхаты бойынша немесе соттың бастамасы бойынша оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қаралуы мүмкін.Алиментті өндіріп алу туралы дауларды қоспағанда, балалардың құқықтарын қозғайтын даулар бойынша істер оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қаралуға жатпайды.Осы баптың бірінші бөлігінде санамаланған талап қою талаптары оларды оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізуде қарау көрсетілмей қойылған кезде олар осы тараудың қағидалары бойынша қаралады.

      Талап қою нысаны мен мазмұны бойынша осы Кодекстің 148 және 149-баптарының талаптарына сәйкес келуге тиіс. Сот тараптарды істі оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізуде қарау туралы ол қабылданған күннен бастап келесі жұмыс күнінен кешіктірмей электрондық пошта мекенжайы немесе ұялы байланыстың абоненттік нөмірі бойынша, сондай-ақ хабарламаның тіркелуін қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдарын пайдалана отырып хабардар етеді.   Хабарламада сот тараптардың татуластыру рәсімдері шеңберінде дауды реттеуге құқығы туралы, сондай-ақ осы Кодекстің 73-бабының бірінші және екінші бөліктеріне сәйкес дәлелдемелерді өзара ашу және ұсыну құқығы туралы көрсетеді. Істі оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізуде қараумен келіспеген тараптар – хабарламаны алған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде сотқа дауды талап қою ісін жүргізу қағидалары бойынша жалпы тәртіппен қарау туралы өтінішхат, ал жауапкер құжаттар мен дәлелдемелерді қоса бере отырып, талап қоюға пікір (қарсылық) ұсынуға құқылы. Шешім шығарылғаннан кейін сотқа келіп түскен, дауды жалпы тәртіппен қарау туралы өтінішхат осы шешімнің күшін жою туралы арыз ретінде қабылданады және қаралады. Пікірді, дәлелдемелерді және өзге де құжаттарды ұсыну үшін сот белгілеген мерзімдер өткеннен кейін сот тараптарды шақырмастан, істі оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен электрондық форматта қарайды. Кодекстің 267-1-бабының екінші бөлігінде белгіленген мерзімдер сақталған кезде сот осы Кодекстің 267-1-бабы үшінші бөлігінің 5) және 6) тармақшаларында көзделген жекелеген процестік әрекеттерді жүргізуге құқылы.    Жекелеген процестік әрекеттер жүргізілгеннен кейін оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізуді одан әрі жүзеге асыру қосымша ұйғарымдар шығарылмастан жалғасады. Сот тараптар ұсынған құжаттарда жазылған түсініктемелерді, қарсылықтарды және (немесе) дәлелдемелерді зерттейді және шешім қабылдайды.

         Оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен азаматтық істер бір ай мерзім ішінде қаралуға жатады және қарау мерзімі ұзартылуға жатпайды.

         Алайда тарап бұл туралы өтінішхат берсе; үшінші тұлғаның іске кіруі туралы өтінішхаты қанағаттандырылса; қарсы талап қою қабылданса; осы іс бойынша қабылданған сот актісімен басқа тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделері бұзылуы мүмкін болса; дәлелдемелерді олардың тұрған жерінде қарап тексеру және зерттеу жүргізу, сараптама тағайындау немесе куәның айғақтарын тыңдау қажет болса, қосымша мән-жайларды анықтау немесе қосымша дәлелдемелерді зерттеу қажет болса істі талап қою ісін жүргізу қағидалары бойынша жалпы тәртіппен қарау туралы ұйғарым шығарады. Істі қарау мерзімі талап қою арызы алғаш қабылданған күннен бастап есептеледі.

          ҚР АПК 267-4 бабы негізінде     оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қаралған іс бойынша сот кіріспе және қарар бөліктерден тұратын шешім шығарады. Сот шешімінің көшірмесі тараптарға оның алынғанын тіркеуді қамтамасыз ететін байланыс құралдары пайдаланыла отырып жіберіледі не шешім шығарылған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі.   Сот тараптың шешім заңды күшіне енгенге дейін мәлімдеген жазбаша өтінішхаты бойынша не өзінің бастамасы бойынша кіріспе, уәждеу және қарар бөліктерден тұратын шешімді дайындайды. Жауапкер оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен шешім шығарған сотқа сот шешімінің көшірмелерін алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде осы шешімнің күшін жою туралы арыз беруге құқылы. Арыз, егер жауапкер талап қоюдың келіп түскені және оның оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қаралатыны туралы тиісті түрде хабарландырылмаған және шешімнің мазмұнына әсер ете алатын пікірді, сондай-ақ дәлелдемелерді ұсына алмаған жағдайда беріледі. Шешімнің күшін жою туралы арызды сот ол сотқа келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде қарайды.     Осы баптың екінші бөлігінде көрсетілген негіздердің жиынтығы болған кезде сот істі мәні бойынша қарауды қайта бастай отырып, шешімнің күшін жою туралы ұйғарым шығарады, ол шағым жасалуға жатпайды.  Шешімнің күшін жоюдан бас тартылған жағдайда сот арызды қанағаттандырудан бас тарту туралы ұйғарым шығарады.    Судья шешімнің күшін жоюдан бас тарту туралы ұйғарыммен бірге, егер бұрын мұндай шешім берілмеген болса, тараптарға кіріспе, уәждеу және қарар бөліктерден тұратын шешімді беруге міндетті. Шешімге – осы шешімнің күшін жою туралы арыз беру мерзімі өткеннен кейін, ал егер арыз берілген жағдайда, сот осы арызды қанағаттандырудан бас тарту туралы ұйғарым шығарғаннан кейін бір ай мерзімде апелляциялық шағым берілуі, прокурор апелляциялық өтінішхат келтіруі мүмкін. Оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен тараптар ұсынған құжаттар бойынша тараптарды шақырмастан, Кодекстің 277 және 279-баптарында белгіленген негіздер бойынша іс бойынша іс жүргізу тоқтатылуы, арыз қараусыз қалдырылуы мүмкін.

А.А. МОЛДАШ, облыстық мамандандырылған

ауданаралық экономикалық соты кеңсесінің

бас маман-сот отырысының хатшысы                                          

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: