Сейсенбі, 23 шiлде, 02:27

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
#57 – 2067
20.07.2024
PDF мұрағаты

1 шілдеден бастап автогаз қымбаттайды

11.06.2024

272 0

Сурет:stan.kz

1 шілдеден бастап Қазақстанда сұйытылған газ бағасы өседі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Энергетика министрлігі «Ашық НҚА» порталында 1 шілдеден бастап Қазақстанда сұйытылған мұнай газының бағасын біршама түзету бойынша бұйрық жобасын жариялады.

Бұйрықта газ бағасының қымбаттауының бірнеше себебі көрсетілген. 

“Бүгінгі таңда сұйытылған мұнай газының бағасы оны өндірудің өзіндік құнынан әлдеқайда төмен. Осылайша СМГ өндірісінің өзіндік құны тоннасына 60 мыңнан 70 мың теңгеге дейін өзгереді. Ал өңдеуші зауыттар үшін қолданыстағы шекті көтерме баға тоннасына 40 320 теңгені құрайды. Осылайша өндірілген әрбір тонна газдан зауыттар 20-30 мың теңге көлемінде шығынға ұшырайды”, – делінген хабарламада. 

Газ бағасының қымбаттауының тағы бір себебі жылдан жылға сұйытылған газ тұтынудың күрт өсуі. Министрлік мәліметінше, өткен жылдың өзінде Қазақстанда тұтыну 2022 жылмен салыстырғанда 400 мың тоннаға өскен. 2023 жылы СМГ тұтыну көлемі 2,2 млн тоннаны құрады.

“СМГ бағаны одан әрі тежеген жағдайда қазақстандық өндіруші зауыттарда ішкі нарықтағы сұранысты қанағаттандыру үшін өндіріс көлемін ұлғайту мүмкіндігі болмайды. Залалдылықтың салдарынан зауыттар тиімдірек өнімге ауыса отырып, СМГ өндірісіне қызығушылығын жоғалтуда. Осындай себептерге байланысты инвесторлар да салаға инвестиция салғысы келмейді”, – делінген министрлік хабарламасында. 

Министрлік көрші елдермен салыстырғанда сұйытылған газдың ең төменгі бағасы  Қазақстанда екенін атап өтті. Қазақстанда газ бағасы 54-86 теңге арасында болса, Ресейде бір литр газдың бағасы – 132 теңге, Әзірбайжанда – 171 теңге, Тәжікстанда – 273 теңге.

Жоғарыда көрсетілген себептерге байланысты 1 шілдеден бастап сұйытылған мұнай газының шекті бөлшек сауда бағасы өңірлерге байланысты литріне 5-тен 8 теңгеге дейін қымбаттамақ. 

ӨңірлерҚазіргі бағаларОблыс орталығынан шалғай аудандарды
(200 (екі жүз) километр шақырымнан астам) елді мекендердегі қазіргі баға
  2024 жылғы 1 шілдеден бастап2024 жылғы
1 шілдеден бастап облыс орталығынан шалғай аудандарды
(200 (екі жүз) километр шақырымнан астам) елді мекендерде
1.Астана қ.7684
2.Алматы қ.8189
3.Ақтөбе облысы54595964
4.Атырау облысы54595964
5.Ақмола облысы76818489
6.Алматы облысы81868994
7.Шығыс Қазақстан облысы76818489
8.Жамбыл облысы71767883
9.Батыс Қазақстан облысы64697075
10.Қостанай облысы76818489
11.Қызылорда облысы64697075
12.Қарағанды облысы76818489
13.Маңғыстау облысы54595964
14.Павлодар облысы74798186
15.Солтүстік Қазақстан облысы81868994
16.Түркістан облысы64697075
17.Шымкент қ.6470
18.Абай облысы76818489
19.Жетісу облысы76. 818489
20.Ұлытау облысы76818489

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: