Дүйсенбі, 06 мамыр, 08:18

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35 — 2045
04.05.2024
PDF мұрағаты

Білім бөлімі басшылары мен мектеп бухгалтері бюджеттен 7 млрд теңге ұрлаған

08.02.2024

310 0

Сурет: Н.Нұржаубай

Aqmeshit-aptalygy.kz – Бұл туралы Мәжілісте әлеуметтік саладағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерін талқылау кезінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Ұлан Сарқұлов мәлімдеді, деп хабарлайды baq.kz.

2023 жылы білім саласында өңірдегі әкімшіліктермен, Оқу-ағарту министрлігімен бірлесіп сыртқы талдау жүргіздік. Талдаудың нәтижелері БАҚ арқылы жеткізілді. Соңғы жылдары мұғалімдерге, осы салада (білім – ред.) істейтін қызметкерлерге Президенттің Жолдауда берген тапсырмасына сәйкес бөлінген қаражаттың ұрлануына қатысты білім саласында істейтін есепшілердің қылмыстары анықталды, – деді Антикор өкілі.

Оның сөзінше, қазіргі таңда әр саланың ақпараттық жүйесі. Олар бір-бірімен интеграцияланбаған.

Сол себепті есепшінің өз шешімімен мұғалімге, тіпті сол мекемеде істемейтін азаматқа қаражат бөлінген. Оны анықтадық. Осындай мәселе бойынша 35 қылмыстық іс қозғалды. Қазір қылмыстық істер тергеліп жатыр, – деп атап өтті Сарқұлов.

Айтуынша, қазір сараптама жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ол Талдықорған облысындағы фактіні мысалға келтірді.

2,5 жыл бойы қылмыстық желі жұмыс істеді. Оның құрамына білім бөлімінің басшысы мен екі бухгалтері, сондай-ақ 13 мектеп бухгалтері кірді. Барлық рөлі бөлінді. Бухгалтер жалақы қорынан бюджет қаражатын ұрлағанда қаланың білім бөлімі басшысы пара алып, көз жұмып отырды. Ұсталған кезде білім бөлімінің басшысынан 1 млрд теңге тәркіленді. Тергеу аясында мемлекетке 4,4 млрд теңге шығын келтірілгені расталды, – деп мәлімет берді Антикор басшысының орынбасары Мәжілісте.

Күдіктілердің 2,9 млрд теңге тұратын мүлкіне тыйым салынды. Спикердің айтуынша, мұндай қылмыстар басқа да өңірлерде анықталып жатыр. Әсіресе, Алматы мен Шымкент қалалары, Қызылорда, Ақтөбе және басқа да облыстарда осындай қылмыстық схемалар анықталған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Ұлан Сарқұлов 35 қылмыстық іс мемлекетке 7 млрд теңге сомасында залал келтірген.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: