Сейсенбі, 12 қараша, 21:13

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№90-2100
12.11.2024
PDF мұрағаты

Динара Закиева Бала құқықтары жөніндегі уәкіл болып тағайындалды

12.06.2023

730 0

Қасым-Жомарт Тоқаев бұрынғы Мәжіліс депутаты Динара Закиеваны Бала құқықтары жөніндегі уәкіл қызметіне тағайындады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

«Мемлекет басшысының өкімімен Динара Болатқызы Зәкиева Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымына тағайындалды», – делінген қаулыда.

Динара Закиева 1982 жылдың 22 желтоқсанында дүниеге келген. Қытайдың Бейжің қаласында тілдер мн мәдениеттер институтында, Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінде білім алған. 2004 жылы Мәскеудегі РФ Ішкі істер министрлігінің дипломатиялық академиясында “Халықаралық құқық” мамандығын тәмамдады. 2013 жылы Дубайда MBA Hult international business school оқу орнын аяқтады.

Ал 2022 жылдың сәйірінен бастап Amanat партиясында отбасы мен халықты әлеуметтік қорғау сұрақтары бойынша қоғамдық кеңесті басқарған. Сонымен қатар 2021-2023 жылдары Мәжіліс депутаты болды. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: