Жұма, 26 сәуiр, 23:05

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Жамбыл облысында құрғақшылық салдарынан мал жаппай қырылып жатыр

30.06.2021

1165 0

Жамбыл облысында құрғақшылық салдарынан мал жаппай қырылып жатыр. Жергілікті фермерлер қураған ағаштарға шағымданған. Биыл көктемде өңірде жаңбыр өте аз түскен. Шаруалар шығынға ұшырап жатыр деп хабарлайды «Алматы» телеарнасы.

Телеарнаның мәліметінше, биыл Жамбыл облысында жауын-шашын аз түскен. Соның салдарынан жайылым жерлер қурап қалған. Өңірде жем-шөп те тапшы. «Биыл жаңбыр болған жоқ. Желді болды. Жердің беті құрғап кетті. Шөп жоқ. Малдарды жаюға болатын бір ғана учаске бар, сол жерге апарамыз. Үнемі шөп іздеп жүреміз», – дейді Бағдатбек Асқаров. Мойынқұм ауданында 24 мың гектар шабындық бар, оның жартысы кеуіп қалған. Қазір малшылар баламасын іздеп жатыр. Ауданда 200 мың бас мал бар деп есептеледі. Осылайша, қысқа жануарларға 132 мың тонна пішен дайындау керек.

«Ең алдымен ауылшаруашылық қызметінің барлық қажеттілігін қанағаттандыру қажет. Біз комиссиямен барып, мәселені тексереміз. Қанша қажет екенін анықтаймыз», – деді Мойынқұм ауданы ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Қызыр Елеусізов.

Жергілікті фермерлер шығынға ұшырап отыр. Қазіргі жағдайға байланысты олар малға жемді 3 есе қымбатқа сатып алуға мәжбүр. Тілшілердің айтуынша, облыстың жемге деген қажеттілігі 1,7 миллион тоннаны құрайды, бірақ қазіргі кезде фермерлер 350 мың тоннасын ғана сатып алды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: