Сейсенбі, 17 қыркүйек, 16:22

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№74-2084
17.09.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада сотталған азаматтар Алаш қайраткерін  еске алды

05.09.2024

280 0

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мемлекеттік мекемесінде шаруашылық қызметіне қалдырылған сотталған азаматтар 5-қыркүйек Халықаралық тілдер мерекесі күнін атап өтті.

Мерекелік шарада жазасын өтеуші азаматтар мекеменің кітапханашы маманы Б.Сәруарұлымен бірлесіп, Алаш қайраткері А.Байтұрсынұлының шығармаларын оқып, талдап, өзара пікір алмасты.

Жыл сайын аталып өтілетін бұл мерекеде, сотталған азаматтарға тілдер мерекесінің маңызын түсіндірді. Қазақ тілі – ана тіліміз. Дүниеге есігін шыр етіп ашқаннан, ана сүтінен нәр алдық. Сөйлеуге алғаш қадам бастағаннан-ақ алдымен ана-әке деп тіл қатамыз. Ер жете келе білімімізді дамыту мақсатында көптеген ұлттардың тілін үйреніп, кейбіреуі тіпті, туған тілін ұмытыпта жатады. Қазақ тілі ешқашан өлмейтін тіл. Қазақ тіліне деген құрметтің арқасында еліміз көркейіп, ана тілімізге деген сұраныс шетел халықтары арасында қарқынды дамып келеді,-деп өз ойын білдірді кітапхана маманы Б.Сәруаров.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: