Жұма, 11 қазан, 05:25

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№80-2090
08.10.2024
PDF мұрағаты

Әкім тапсырмасы: Коммуналдық қарыздар толық өтелуі тиіс

17.09.2024

318 0

Бұл – облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың тапсырмасы. Жылу маусымына дайындық басталып кетті. Облыс әкімінің төрағалығымен өткен жиында қысқа дайындық мәселесі қаралды.

– Жылу беру маусымына әзірлік Мемлекет басшысы мен Үкіметтің тікелей бақылауында тұр. Биыл жылу көздері мен желілерін жаңғыртуға республикалық және жергілікті бюджеттен 12 млрд теңге қаржы бөлінді. Осы қаржыны тиімді игеріп, жұмысты уақытылы және сапалы жүргізу қажет. Нысандардың барлығы 1 қазанда дайын болуы керек. Облыс тұрғындарын көмірмен қамтамасыз етудегі түйткілдер де түгелімен шешім тауып, алдағы жылу беру маусымында ешқандай мәселе туындамауы тиіс, – деді облыс әкімі Н.Нәлібаев.

Сондай-ақ мәжілісте қала және аудан әкімдеріне тұрғындарға қажетті көмір қорын жасақтау тапсырылды. Алайда бүгінгі күнге теміржол арқылы жеткізілген көмірдің көлемі жеткіліксіз. Аудан әкімдері операторлармен, «Қазақстан Темір жолымен» тығыз жұмыс істеуі қажет.

Осыған дейін коммуналдық мекеме басшыларына қарыздарды толық өтеу ескертілген болатын. Дегенмен, бүгінде ЖЭО-ның «ҚазақГаз» алдындағы қарызы 38 млн теңгеге жеткен, ал КРЭК-тің ЖЭО-ға берешегі – 521 млн теңге. «Энергосервис» КРЭК-ке 138 млн теңге, «Қызылорда су жүйесі» ЖЭО-ға 137 млн теңге, КРЭК-ке 87 млн теңге, «Энергосервиске» 185 млн теңге қарыз екені белгілі болды.

Аталған мекеме басшыларына комму­налдық қарыздарды қысқа мерзімде толық өтеу міндеті қойылды. Бұл аймақ басшысының басты назарында болады.

Теміржол вокзалы – аймақ айнасы

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өткен жиында келесі талқыланған мәселе – теміржол вокзалдарындағы тазалық, көркейту бағыты.

Аймақ басшысы теміржол вок­залының сырт келбетіне, ондағы жолаушыларға жасалған жағдайға қарап, өңір имиджі қалыптасатынын атап өтіп, нысан аумағында тазалық сақтал­майтынын қатаң сынға алды.

– Өткен жылы Қызылорда қала­сындағы теміржол вокзалының ескі ғимаратына «Қазақстан Темір жолы» компаниясының, жергілікті кәсіпкерлердің демеушілігімен 577 млн теңгеге күрделі жөндеу жүргізілді.  Жұмыс аяқталғаннан кейін вокзалға барып, тазалыққа байланысты ескерту жасап, бір­неше тапсырма бердім. Алайда бұл тапсырмалар әлі күнге дейін толық орындалды. Қала әкімдігі сол аумақты абаттандырып, төсеніш тас төседі. Екі жолаушылар платформасы жаңадан асфальт­талып, жарықшамдар орна­тыл­ды. Жөндеу жұмыстары өткен жылы ғана жүргізілгенімен, брусчатка­лардың қа­зіргі жағдайы сын көтер­мейді. Құрылысқа пайда­ланылған заттар жиналмаған. Маңайындағы дүңгіршіктерді перроннан түсіріп, төменге орналастыруды тапсыр­ғанмын. Бірақ дүңгір­шіктер әлі күнге нысанның көркін бұзуда.

Вокзал – қаланың, аймақтың айнасы. Өйткені келген қонақтар да, инвесторлар да алдымен темір­жол вокзалымен танысады. Әрлі-берлі өткен жолаушылардың да вок­залдағы тәртіп пен тазалыққа қарап Қызылорда туралы пікірі қалыптасатыны белгілі, – деді Нұрлыбек Машбекұлы.

Облыс әкімі теміржол вокза­лы аумақтарын ретке кел­тіруді, тазалық жұмыстарын күн­делікті жүргізуді талап етті. Мұнан бөлек, вокзалдың сыртқы келбеті ғана емес, жолаушыларға қызмет көрсетуі де мінсіз болуы қажеттігін қаперге салды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: