Жұма, 11 қазан, 03:50

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№80-2090
08.10.2024
PDF мұрағаты

Әдеп – тәртіптің діңгегі

17.09.2024

167 0

Мемлекеттік қызметкерді биліктің айнасы, халық алдында адал қызмет етуге ант берген бірегей лауазым иесі дейтін болсақ, мемлекеттік қызметшінің әліппесі – Қазақстан Республикасы Президентінің

2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі.

Мемлекеттік қызметшілердің күнделікті іс-әрекеттерінде, халықпен кездесу барысында, көп­шілік алдында сөйлеу кезінде өзін-өзі ұстау және әдеп нормаларын қамтамасыз ету жауапкершілігі Әдеп кодексінен тін тартады. Осы кодекс негізінде мемлекеттік қызметші мемлекеттің мүддесіне және азаматтардың құқығына залал келтіретін іс-қимылдарға қарсы тұруға, заңмен белгіленген шектеулерді сақтауға міндеттелген.

Сонымен қатар, аталған Жарлықпен жаңа институт – әдеп жөніндегі уәкілдер институты енгізіліп, арнайы Ережесі бекітілді. Әдеп жөніндегі уәкілдер институтын нығайтудың мақсаты, халықтың мемлекеттік органдарға деген сенімінің артуына, мемлекеттік қызметшілердің мәдениетінің қалыптасуына, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасы мен қызметтік әдеп нормаларының бұзылуының алдын алуға мүмкіндік береді.

Әдеп жөніндегі уәкіл өз құзыреті шегінде мем­лекеттік қызметшілердің құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайларда, оларды қорғауға және қалпына келтіруге бағытталған шараларды қабылдайды, мемлекеттік қызметшілердің қыз­меттік әдеп нормаларын сақтауын мониторингтеуді және бақылауды жүзеге асырады, мемлекеттік қызметтің оң бейнесін қалыптастыруға өз үлесін қосады. Мемлекеттік қызметшілер мен азаматтарға кеңес береді.

Осы ретте, Қазақстан Республикасы стратегия­лық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлт­тық статистика Бюросының Қызылорда облысы бойынша департаментінде және аудандық бөлім­дерде 88 мемлекеттік қызметші өз міндеттерін атқаруда. Олардың мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ісқимыл туралы заңнама және қызметтік әдеп нормалары талаптарының сақталуын қамтамасыз ету үшін мекемеде, аудан­дық бөлімшелерде тақырыптық семинарлар өт­кізіліп, дөңгелек үстел форматындағы басқосулар ұйымдастырылады. Департаментте ұжымда жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларына сәйкес келетін өзара қатынастар мәдениетін қалыптастыруда, ұжымдық ауызбірлікті нығайту мақсатында тимбилдінгтер жасалынады.

Департаменттің оң имиджін және ұжымда жағымды ахуал қалыптастыруға елеулі үлес қосқан мемлекеттік қызметшілерді көтермелеу үшін Әдеп жөніндегі уәкіл ретінде ұсынымдар енгіземін. Ондағы мақсат – жемісті жұмыс істеген азаматтардың еңбегін бағалау, одан әрі сапалы қызмет етуі үшін ынталандыру.

Ашықтық форматын негізге ала отырып, мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын бұзу жағдайлары бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштері қаралып, жеке қабылдаулар жүргізілетін болады.

Осы жұмыстарды ұйымдастыру үшін депар­тамент ғимаратында, ресми интернет-ресурста­рында Әдеп жөніндегі уәкілдің мәліметтері, қа­былдау күндері туралы ақпарат орналастырылған. Әрбір мемлекеттік мекемеде Әдеп жөніндегі уәкіл функциясының енгізілуі мемлекеттік қызметшілер тарапынан мемлекеттік қызмет, сыбайлас жем­қорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама мен Әдеп кодексі талаптарының сақталуына, ұжымда қалыпты жағдайдың орын алуына септігін тигізеді.               

Әдеп кодексінің мақсаты – халықтың сенімін нығайту. Халық мемлекеттік қызметкердің әр­бір әрекетін қалт жібермей бақылап отырады, оның жасаған әрекеттеріне баға береді. Ал қоғам мүдесінен шығу – мемлекеттік қызметшінің басты міндеті. Сондықтан да ел ертеңінің сенімді, мемлекет іргесінің берік болуы үшін осы салада аянбай еңбек ету баршамыздың ортақ мүддеміз болуы тиіс.

Роза СЕРМАҒАМБЕТОВА,

ҚР СЖРА Ұлттық статистика Бюросының

Қызылорда облысы бойынша департаменті

құрылымдық статистика бөлімінің басшысы,

Әдеп жөніндегі уәкілдің функциясын атқарушы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: