Сәрсенбі, 16 қазан, 17:19

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№82-2092
15.10.2024
PDF мұрағаты

Құтқарушылар сайыс төрінде

08.10.2024

226 0

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің «Жедел құт­қару жасағы» оқу жаттығу базасында «Кроссфит» сайысы ұйым­дастырылды. Аталған шараға құтқарушылардың отбасы мүшелері шақыртылып, құтқару қызметінің күн тәртібімен танысты.

Құтқару бөлімшелері арасындағы тар­тысты бәсекеде қатысушылар 10 мәрте белтемірге тартылып, жүк көлігінің доңға­лағын 15 метр қашықтыққа енімен айнал­дырады. Ал 24 келілік гір тасын 10 мәрте көтеріп, ауыр бөренені 10 мәрте көтеріп отырып-тұруы қажет. Мұнан соң жүк көлігінің доңғалағын 10 метр қашықтыққа ауыр кувалмен ұрып жылжытқан соң, жерден қолды бүгіп жазу жаттығуын 20 мәрте жасады. Мұнан соң кезек келесі қатысушыға беріледі. Әрине, мұның барлығын бір мезетте жасау оңайға соқпасы анық.

– Кросфит жаттығулары – күш пен төзімділікке арналған заманауи спорт түрі. Ал құтқарушылар мұндай жаттығуларды күнделікті орындайды. Өйткені құтқару­шылардың қызметі шыдамдылықты, фи­зикалық дайындық пен қайсарлықты талап ететін іс-қимылдардан тұрады, – дейді ұйымдастырушылар.

Сайыс қорытындысымен №2 құтқару бөлімшесі І орынды қанжығасына байласа, №4 бөлімше ІІ орынды еншіледі. Ал №3 бөлімше үздік үштікті түйіндеп, ІІІ орынға табан тіреді. Сондай-ақ кроссфит сайысында ең үздік нәтиже көрсеткен С.Әлібеков пен 50 жастан асса да жастардан қалыс қалмай үздік нәтижесімен көш бастаған П.Нарынбетов те марапат мінберіне көтерілді.

Шара соңында құтқарушылардың бала­ларына авариялық-құтқару жұмыстары кезінде қолданылатын арнайы техникалар мен құрал-жабдықтар таныстырылды. Ар­найы дайындалған көрме балалардың құт­қару қызметіне қызығушылығын оятты.

Аян СПАНДИЯР

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: