Сәрсенбі, 16 қазан, 15:15

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№82-2092
15.10.2024
PDF мұрағаты

Аймақтағы құрылыс сапасын арнайы комиссия тексереді

09.10.2024

451 0

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев аймақтағы құрылыс жұмыстарына қатысты арнайы жиын өткізіп, жауапты сала басшылары мен аудан әкімдеріне бірқатар тапсырма берді.

Облыс аумағында ұлттық жобалар, мемлекеттік бағдарламалар аясында және инвесторлар демеушілігімен бой көтерген жаңа нысандар қатары көп.

«Аймақтағы құрылыс нысандарын арнайы комиссия тексеретін болады. Бұған дейін анықталған кемшіліктер мердігер мекемелерге ескертілді. Алайда, қалпына келтіру жұмыстары толық жүргізілмей келеді. Құрылыс барысы қала, аудан әкімдерінің, жауапты басқарма мен бөлім басшыларының қадағалауында болуы керек.

Комиссия бірінші кезекте әлеуметтік нысандарды тексереді. Сонымен қатар, жол, газ бен электр желілерін жүргізу жұмыстарын да бақылайды», – деді Нұрлыбек Нәлібаев.
Аймақ басшысы құрылыс барысындағы кемшіліктерді мердігер мекеме өз есебінен қалпына келтіретінін, олай болмаған жағдайда заң аясында тиісті шаралар қабылданатынын айтты.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: