Дүйсенбі, 04 қараша, 11:01

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№87-2097
02.11.2024
PDF мұрағаты

Қазақстанда локдаун енгізіледі: Денсаулық сақтау министрлігі ақпаратқа түсініктеме берді

29.06.2021

1291 0

Қазақстандықтар алдағы локдаун туралы ақпаратпен бөлісуде. Желі қолданушыларының айтуынша, Қазақстан КВИ таралу қарқыны бойынша қайтадан «қызыл» аймақта, сондықтан қалалар арасындағы қозғалысқа тыйым салынды. Бірақ бұл ақпаратты Санитарлық-эпидемиялық бақылау комитеті жоққа шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Stopfake.kz сайтына сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, бүгінгі таңда кейбір аймақтарда эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты карантиндік шаралар күшейтілді. Олар сауда орталықтарының, дәмханалардың, барлардың жұмыс уақытын қысқартуға, қоғамдық көліктердің дезинфекциялау уақытын ұлғайтуға және т.б. қатысты.

“Ел аумағында локдаун енгізілмейді. Қалалар арасындағы ұшулар мен жерүсті қалааралық көлік штаттық режимде жұмыс істейді. Блокпосттар қойылмаған”, – деп хабарлады ведомствоның ресми өкілі Ержан Байтанаев.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: