Дүйсенбі, 28 қазан, 16:18

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
85-2095
25.10.2024
PDF мұрағаты

Халық жазушысының 100 жылдығына арналған Халықаралық конференция өтті

26.10.2024

149 0

Кеше Алматы қаласында Қазақ ПЕН клубының ұйымдастыруымен Халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісовтің
100 жылдығына арналған халықаралық
ғылыми-танымдық конференция өтті.
Конференцияда шетелдік және отандық ғалымдардың баяндамалары оқылып, жазушының қаламгерлік қыры кеңінен ашылды. Ұлт қайраткерінің есімін ұлықтауға арналған іс-шараға Сыр өңірінен келген арнайы делегация қатысты.
Онда сөз алған Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Шахмардан Байманов аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың құттықтауын оқыды.
Облыс әкімдігінің қолдауымен жарыққа шыққан «Біздің Әбе» естелік кітабының тұсаукесері өткізіліп, қатысушыларға таратылды.
Айта кетейік, 100 жылдыққа арналған шаралар легі ертең де жалғасады.
26 қазанда Әбдіжәміл Нұрпейісовтің тұрған үйіне ілінген ескерткіш тақтаның ашылуы, Қазақстан Жазушылар одағының ұйымдастыруымен «Әлем таныған Әбдіжәміл» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.
Туған жері Сыр өңірінде жазушы есімін ұлықтау шаралары жыл бойы жалғасуда.
Атап айтқанда, барлық орта мектептер мен арнаулы оқу орындарында апталықтар, кітапханалар мен музейлерде көрмелер, шығармашылық кештер өткізілді. Бұқаралық ақпарат құралдарында тақырыптық айдарлар ашылған.
Туған жері Арал ауданында «Қалам ұшындағы ғалам» атты халықаралық суретшілер симпозиумы өтіп, «Беларан төбе» шыңында рухына ас берілді.
Халық жазушысының өмір жолы мен шығармашылығына арнап Алматы қаласындағы Ұлттық кітапханада «Кітап және қаламгер» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырылды.
Қазақ ПЕН клубымен бірге Әбең туралы естелік жинақтар кітабы шығарылды.
Қараша айының басында Қызылорда қаласы мен Арал ауданында «Әлем таныған Әбе» атты кешенді шаралар жоспарланған.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: