Сейсенбі, 30 сәуiр, 15:07

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Зерттеуші: Терезені ашып ұйықтауға болмайды

29.11.2021

889 0

Бөлмені, үйді салқындатып ұйықтаған пайдалы. Бірақ түні бойы ашып қоюға болмайды. Әсіресе, қалада тұратындарға мұның пайдасынан гөрі зияны көп. Осылай дейді Германияның Йоханнес Гутенберг университетінің зерттеушілері.

Ғалымдардың айтуынша, ұйықтап жатқан адамға сыртқы шудың зияны көп. Әсіресе, көшедегі көліктің жүріс-тұрысы мен дыбысы түнгі ұйқыға залал келтіреді.

«Транспорттың шуы қатты болған сайын ұйқы фазасы да нашарлай береді. Ұйықтап жатқан адамның ағзасы көлік дыбысын естігенде стресс гормонын бөліп, ол өз кезегінде қанда холестериннің шырт көбейіп, артериалды қан қысымының көтерілуіне әкеледі. Содан қан тамыры және жүрек аурулары пайда болуы мүмкін», – деп түсіндіреді зерттеушілер.

Бұдан бөлек, түнгі стресс күйзеліс, невроз мен үрей сынды психологиялық ауруларға әкелуі де мүмкін екен.

Сондықтан мамандар үйді салқындату үшін ұйықтардың алдында терезе ашып алған жөн дегенді айтады. Ал жатарда терезені жауып жатқан дұрыс.

massaget.kz

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: