Дүйсенбі, 07 қазан, 00:22

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№79-2089
05.10.2024
PDF мұрағаты

Жұлдыз жорамал: Қарашада сізді не күтіп тұр?

03.11.2021

1409 0

Жаңа жылда бізді қандай жақсылық күтеді? Қаржылық жағдайымыз қандай болмақ? Олай болса, қазақстандық астрологтың қарашаға арналған қаржылық жұлдыз жорамалымен танысыңыз. 

  • Тоқты

Биыл тоқты белгісінде туған жандар қатаң тәртіп пен жоспарлауды үйрену керек. Сонда сіздің әр әрекетіңіз оң өзгерістер мен жақсы жаңалықтарға толы болмақ. Сіз бұрын назар аудармаған және оның бар екенін білмеген сала сәттілік әкелуі мүмкін. Тіпті сол саланы бизнеске айналдыруға болады.

Сиыр жылында қолға алуға батылыңыз жетпей жүрген істерді бастауға болады. Бұл жылы жаңа бастамаларды қолдайтын жақындарыңыз да әрдайым жаныңыздан табылады. Кәсіпкерлікпен айналысып жүрген жандарға бәсекелстерден қорқудың қажеті жоқ. Керісінше батыл шешім қабылдап, бизнесіңізді алға жылжытудың жаңа жолдарын табасыз. Тоқтылардың қаржылық жағдайы жақсы болғанымен, астрологтар жылжымайтын мүлік, жер телімі және үлкен сомадағы несие бойынша келісімдерді келесі жылға қалдыруға кеңес береді.

  • Торпақ

2021 жыл торпақтар үшін жаңа бастамаларға толы. Бұл олардың қызмет аясын кеңейтуге, ықпалды адамдармен байланыс орнатуға және идеялары мен жобаларын неғұрлым батыл ұсынуға итермелейді. Биыл бастаған істі соңына дейін жеткізуді үйреніп, шыдамдылық пен табандылық қасиеттеріңізді жетілдіресіз. Қаржы капиталын құруға назар аударыңыз, себебі бұл сіздің қаржылық әл-ауқатыңыздың бастауы болмақ. Шілде айында үлкен жетістік пен мол табысқа кенелесіз.

  • Егіздер

Егіздер ұзақ ойланып, шешім қабылдайды. Сол себепті уақытын жоғалтады. Өткенге алаңдамай, көбірек болашақты ойлау керек. Бұл белгідегі жандар үшін 2021 жыл кәсіби өсуге, шығармашылық қабілеттерді дамытуға арналған. Қорықпай, жаңа бизнес ашу үшін таптырмас уақыт. Себебі биыл қаржылық жағдайыңыз еркін болмақ. Кез келген істен табыс көзін арттыруға болады. Сондай-ақ, IT саласымен байланысты қосымша табыс көздерін қарастырып көруге болады.

  • Шаян

Шаян белгісіндегі жандар осы жылы еңбегінің жемісін көреді. Қаржылық тұрғыда әр бастама сәтті болады. Ұзақ уақыт бойы ұмыт қалған, қарызға берген ақшаңызды аласыз. Шаяндардың басым көпшілігі сиыр жылында қызметі жоғарылайды. Жылдың ІІ-ші жартысы табысты. Үйге жөндеу жұмыстарын жүргізіп, сауда жасайтын, қымбат жиһаз алатын мүмкіндік болмақ. Тек жұмысты бірінші орынға қойып, мүмкіндікті асыра бағалаудан аулақ болыңыз.

  • Арыстан

Осы жылы арыстандарға қаржылық тұрғыда кей жайттардан бас тартуға тура келеді. Тәуекелге бармай, әр істі ойланып бастау керек. Өзіңізге қажетті заттарға қаржы жұмсамас бұрын, дұрыс шешім қабылдауды үйреніңіз. Себебі эмоциялық тұрғыда тез қабылдаған шешім қаржылық қателіктерге жол беруі мүмкін. Жылдың ІІ-ші жартысы қызмет ауыстырып, бизнес ашуға қолайлы уақыт. Ең бастысы осы жылы жұмыс пен жеке өмір арасындағы шекараны бұзбауға дағдыланған дұрыс. Екі жақты тең ұстау артық етпейді.

  • Бикеш

Бикештер ұтымды шешім қабылдап, әр істі ақылмен ойланады. Олар сауда жасауды, ақша жинап, үнемдеуді біледі. 2021 жыл бикештер үшін сәтті. Жаздың соңында табысыңызды арттыруға септігін тигізетін жаңа жоба шығады. Нәтижесінде, қаржылық жағдайыңызды жақсартып, болашаққа инвестиция жасауға мүмкіндік басым.

  • Таразы

Таразы белгісіндегі жандар үшін бұл жылы қаржылық тұрғыда маңызды шешімдер қабылдауға тура келеді. Десе де, екі бірдей бағыттың өзіңізге ең тиімдісін таңдау керек. Жұлдыз жорамал көбірек өзіңізге сенім артып, жаныңыздағы жандардың пікіріне жүгінбеуге кеңес береді. Қаржылық жағдайды өзіңіз басқаруға тырысыңыз. Әр жайтты сараптап, шешім қабылдаңыз. Өзіңізге сенім артып, жағдайды басқара білсеңіз, табысыңызды арттыратын мүмкіндіктер де арта түспек.

  • Сарышаян

Сарышаяндардың басым көпшілігі үшін бұл жыл өзгеріске толы болмақ. Шығармашылыққа бет бұрып, ізденісте жүреді. Жұмысқа байланысты іскерлік сапарлар мен жаңа орта қалыптасады. Десе де, бұл жылы қаржылық жағдай бірқалыпты болады. Сиыр жылы қомақты қаражатқа қарыз алу немесе ақшаны бизнеске салудың қажеті жоқ. Сондай-ақ, күтпеген шығындарға тап болуыңыз мүмкін. Барлық жағдайда шешім қабылдар алдында жақсылап ойланған дұрыс.

  • Мерген

Сиыр жылы бұл белгілер үшін сәтті жыл. Қаржылық тұрғыда жаңа жыл берекелі әрі тұрақты. Қанша табыс табатындығыңыз атқарар жұмыс пен қолға алған жобалардың ауқымымен тікелей байланысты. Жаңа шешім қабылдап, бизнес ашуға болатын уақыт. Қаржылық жағдайыңызды жақсартатын ұсыныстар түсіп жатса, көп ойланбай келісім берген дұрыс. Барынша белсенділік танытып, батыл шешім қабылдаңыз.

  • Тауешкі

Бұл белгідегі жандар үшін қаржыға қатысты сәттілікке жету үшін аса жеңіл болмауы мүмкін. Қомақты қаржы тапқанмен, оны жұмсап қою қаупі бар. Сол себепті қымбат заттарға қолыңыздағы бар ақшаны жұмсаудың қажеті жоқ. Қаржыға қатысты мәселелерде ұқыпты әрі нақты болған абзал. Биылғы жыл бұл белгі үшін бойындағы жаңа қабілеттерді дамытып, кәсіби тұрғыда шыңдалуға мүмкіндік ашпақ. Тауешкілер белсенділік танытып, тәуелсіз болуға ұмтылады. Сондай-ақ, рухани дамуға жақсы уақыт.

  • Суқұйғыш

Жаңа жыл адал дос пен жақсы кездесулерге толы. Білім алып, жаңа қабілеттерді дамытатын кезең. Қаржылық мүмкіндіктер жағынан сәтті жыл. Дегенмен, мүмкіндіктерді жүзеге асыру барысында асығыстыққа жол бермеңіз. Ұрыс-керіс пен келіспеушіліктен аулақ болыңыз. Сонда ғана барлық іс сіздің пайдаңызға қарай шешіледі. Жылдың ІІ-ші жартысында ұзақ уақыт армандап жүрген істерді жүзеге асырасыз.

  • Балықтар

Балықтардың көпшілігі өткен жылы жоспарлаған іскерік, шығармашылық, жеке мәселелердің шешімін табады. Ұзақ сапарлар мен күтпеген ұсыныстар болады. Осы жылы табыс көзін арттыру маңызды. Себебі қаншалықты белсенді болсаңыз, соншалықты қаражатты көбейтуге болады. Сиыр жылы сізге қолдау білдіретін жақын жандар үнемі жаныңыздан табылады. Дәл осындай қарым-қатынастың арқасында қаржылық жағдайыңызды жақсартып, жаңа серіктес тауып, жетістіктерге жетуге мүмкіндігіңіз бар. Бастысы өзгерістерден қорықпай, батыл қадам жасаңыз.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: