Жұма, 26 сәуiр, 18:44

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Алаштың Аяшұлы алпыста

02.07.2022

648 0

Нартай Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық қазақ академиялық музыкалық драма театрында Сырдың дарабоз ақыны Дүйсенбек Аяшұлының 60 жылдық мерейтойына арналған дүбірлі кеш өтті.

«Сырдың Қадыры» аталып кеткен жыр алыбының мерейтойын Сырдың сыршыл ақын қызы Толқын Қабылша жүргізді. Қарым­ды қаламгерді облыс әкімінің орын­басары Нұрымбет Сақтағанов құт­тықтап, облыс әкімінің Құттықтау хатын табыстады. Ізгі тілегін арнап, ақынның иығына шапан жауып, құрмет көрсетті.

Алмас жырдың алдаспанына ай­налған, өмірін өлеңмен өрген, жүре­гін жырмен табыстырған ақынды жазу­шы, драматург, филология ғы­лымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қай­­раткері Жолтай Әлмаш, жыршы, этномузыкатанушы, фольклорист, «Да­рын» Мемлекеттік жастар сыйлы­ғы­ның лауреаты, «Құрмет» ор­денінің ие­гері Берік Жүсіпов, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Жарасқан Әбдірашев атындағы әде­би сыйлықтың лауреаты Толыбай Абылаев­тар арнайы келіп, құт­тықтап, өз ықы­ластарын біл­діріп, жүрекжарды тілек­терін жолдады.

Кеш барысында ғажап ғазал жыр­ларымен оқырманын поэ­зияның інжу-маржанына малын­дыра білетін ақ­жүрек ақынның «Жұлдызым жо­ғары» кітабының тұсауы кесілді.

Алыстан ат терлетіп келген Елмұра Жаңабергенова да кеш сәнін кіргізіп, әдемі кешті әнмен әр­леді. Руханияттың кешінде ақын­ның сөзіне жазылған «Жүрек сөзі», «Ғашығым», «Ана құді­реті», «Байқоңыр», «Шиелі», «Нұр-Астана» әндері шырқалды.

Дүйсенбек Аяшұлының «Дария­ның өткелінде» өлеңіне қойылған бейне­қойылымда туған жер, өскен өлке ал­дындағы перзенттік қарыз бен парызды түйістірген Ботабайдағы балалық шағы көрсетілді. Ақыннын ардақтаған әлеумет мерейтой иесінің өлеңдерін көрермендер залына қойылған микрофондарға келіп, жатқа оқыды.

Шара соңында үлкен руханият ке­шіне негізгі себепкер болған мерейтой иесі Дүйсенбек Аяшұлы сөз алып, өз ризашылығын білдірді. Мерейтой Сыр өнерпаздарының орын­дауындағы «Нұр-Астана» әні­мен өз мәресіне жетті.

А.БАЙ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: