Жұма, 11 қазан, 20:00

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№80-2090
08.10.2024
PDF мұрағаты

Асығыс үкім

01.03.2022

695 0

Бір кісінің үйінің төменгі қабатында ағаш өңдейтін шеберханасы бар екен. Ол есік, терезе жасап күнелтеді. Бір күні жұмыс істеп жатқанда жарық өшеді. Ұзақ уақыт күтеді, жарық жанбайды. Қырсыққанда, сол кеште тапсыруы керек бірнеше терезе бар еді. Біраз демалу үшін үйіне көтеріліп бара жатып сақтандырғышқа көзі түседі. Біреу сақтандырғышты өшіріп қойған екен.

Ажыратқышты (рубильник) қосқанда цехта жарық жанады. Бірақ мұның мәнісін түсіне алмайды. Жұмысқа қайта кіріскенінде сол нәрсе тағы қайталанады. Бірақ бұл жолы кінәлі адамды көрді. Баласы үй мен цех арасындағы сатыдан дыбыссыз, ақырын түсіп, сақтандырғышты өшіріп жатқанда әкесін дәл алдында көреді.

Әкесі он жасқа енді толған баласының мұндай ісіне қатты ашуланады. Оның кесірінен бір күні босқа кетті. Бір рет істеген болса, бәлкім, үн қатпас еді. Баласын шапалақпен тартып жібереді. Бұл шапалағы оған сабақ болар деп ойлайды. Баласының көз жасына қарамастан үйіне келіп, әйеліне былай дейді:

– Мына баланың мектепте кімдермен араласатынын білуіміз керек! Егер бос жіберетін болсақ, басымызға бәле болуы мүмкін!

Кейін ең оңай жолын табады. Баласының жанынан тас­тамайтын күнделігін ақтарады. Баласы көрсеткісі келмегеніне қарамай, оны оқиды. Әкесі күнделіктің ең соңғы бетінде жазылған мына сөзді оқиды: «Бүгін түнде жаман түс көрдім… Цехта жұмыс істеп жатқан кезде әкемді тоқ ұрған екен. Әкем қауіп-қатерден аман болса екен! Мен қолымнан келгеннің бәрін істеймін!»

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: