Жексенбі, 08 желтоқсан, 04:32

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№97-2107
07.12.2024
PDF мұрағаты

Батырдың батыл айтқаны

15.03.2022

685 0

Алматыдан Жамбыл қаласына сапарлап бара жатқан атақты батыр, аңыз аға Бауыржан Момышұлы мінген поездің вагонына бір стансадан аузы Жайықтай, кеудесі қайықтай, жауырыны қақпақтай, шекесі тоқпақтай, кеудесіне «Социалистік Еңбек ері» төсбелгісін таққан бір піл мойын пенде мінеді. Билетінде көрсетілген орыны батыр ағаның купесінде екен. Ол купеге кіріп, ағамен атүсті амандасып, «мынаны көрдің бе» дегендей костюміндегі төсбелгіні қайта-қайта ұстап, Бәукеңе қарама-қарсы орындыққа отыра кетеді. Баукең әлгі «баһадүрге» ала көзімен қарап:

– Саған мынау «Социалистік Еңбек ері» деген атақты не үшін берді? – деп сұрайды.

– Әй, көке! Мен совхозда жылқышы болып жұмыс істеймін. Верховный Совет бұл жоғарғы орденді жылына 100 биеден 100 құлын алғаным үшін берген, – деп гүр ете қалады әлгі жігіт.

– Оған сенің қандай еңбегің сіңді? Айғыр шапты, байтал тапты. Анау атақты саған емес, айғырға беру керек еді, щенок, – депті Бәкең.

Иә, мадақ пен марапатқа мастану да мүгедектіктің бір түрі-ау.

Қазыбек ӘШІРБЕКҰЛЫ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: