Жексенбі, 28 сәуiр, 15:56

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33 – 2043
27.04.2024
PDF мұрағаты

Несие

15.03.2022

581 0

Несие берер банкінің,

Қарға болды бастығы.

Оқығаны қаржы саласы,

Заңды болған іс қағазы.

Ара алды кредитті,

Жер алмақшы аумақты,

Айналыспақ кәсіппен,

Бал арасын салмақшы.

Құмырсқа да кәсіпкер,

Егін егіп дәніккен,

Керек болып жұмысқа,

Ол да алды несие.

Түлкі келді бір күні,

Мақсаты дүкен ашпақшы,

Сауда саттық ойында,

Мол табысқа батпақшы.

Көзі қарақты қарға да,

Тізімге бәрін іледі,

Заңдастырып ай, жылын,

Қайтарымын күтеді.

Уақыты келіп несиенің,

Есептесер күн келеді,

Қайтарыпты уақытында,

Құмырсқа мен ара ғана.

Ендігі кезек түлкіде,

Қарызды қайтар, іркіме.

Қарға отыр деп шіркін,

«Пениямен сілкіме».

Қасқыр да болды қарыздар,

Бүркітте болды қарыздар.

Арыстанда құтылмады,

Оның да үстінен арыз бар.

Үстемесі өсер кезде,

Өсімпұл да еселенер.

Пайызы аз деп берер кезде,

Қақпас қарға бөсе берер.

Сәл болса да мен бүгін,

Кеңес берсем бола ма?

Ақылың болса басыңда,

Несиеге жолама.

Рысбек ТОБЫЛОВ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: