Бейсенбі, 28 наурыз, 15:35

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Қалам ұшындағы қоғам

28.12.2021

1135 0

Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында белгілі журналист Нұрлан Көбегенұлының «Қалам ұшындағы қоғам» атты кітабы жарық көрді. Шараға облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Асқарбек Есжанов, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің профессоры Қазыбай Құдайбергенов, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, эколог жазушы Сайлаубай Жұбатырұлы, белгілі тележурналист, ақын Шаһизада Әбдікәрімов қатысты.

Қарымды қаламгер, филология ғылымдарының кандидаты, ұлағатты ұстаз Нұрлан Көбегенұлының журналистикадағы қолтаңбасы оқырмандарына етене таныс. Ақпарат саласында 25 жылдық еңбегі, ширек ғасыр ішінде әр жанр бойынша екі жарым мыңнан аса материал жазып, баспасөзде табан аудармай қызмет еткені көпшіліктің көз алдында.

Жаңа туынды – ширек ғасырдан бері қоғамның өзекті мәселесін қаламымен түйреп келген қаламгердің тілшілік еңбегінің бір белесі, оқырмандар алдындағы есебі.

Сиясы кеппеген туындыға журналистің осы уақыт аралығындағы ең таңдаулы деген сұхбаттары, мазмұнды мақалалары енген. Кітаптың тұсаукесеріне елге сыйлы зиялы қауым өкілдері жиналып, аға буын ізгі тілектері мен ыстық ықыластарын білдірді.

Осыдан 25 жыл бұрын журналистикаға келген Нұрлан Нұрмахановты қай кезде көрсеңіз де, үнемі ізденіс үстінде жүреді, жаңашылдыққа жаны құмар жан. Ең басты қасиеті – мамандығына адалдығы. Өзінен кейінгі буынға, әсіресе ізінен ерген жас тілшілерге жол көрсетіп, ақыл-кеңесін айтып жүреді. Осы кезге дейін талай жасты қанатының астына алып, тілші болып қалыптасуына сүбелі үлесін қосқан ұстаз. Сонымен қатар ол «Әлімсақ» журналы мен «Ұстаз мәртебесі» газетін шығарып, ақпараттық салаға өз үлесін қосуда.

Ақтолқын НҰРЛЫБАЙ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: