Жұма, 19 сәуiр, 14:31

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2040)
16.04.2024
PDF мұрағаты

Жаңа кітаптың таныстырылымы өтті

04.06.2022

1015 0

Жуырда облыстық тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен халықаралық «Қазақ тілі» қоғамдық бірлестігі облыстық филиалының төрағасы, тіл жанашыры Сәдуақас Аңсаттың «Сөзім – ұстанымым» кітабының насихаттау шарасы өтті.

Шараға «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша кәсіби даму институтының директоры Бауыржан Елеусінов, Ә.Тәжібаев атындағы облыстық кітапхана директоры Нұрлыбек Мыңжас, еңбек ардагері Тобаш Ембергенов, облыстық қоғамдық кеңес мүшесі Болат Нұрқожаев, «Кітап құрттары» ұйымының төрағасы Талғат Меңдібай мен студент жастар қатысты.

Автор бұл жинағында жастарды ел тәуелсіздігін тұғырлы ету жолында ұлттық ұстанымға берік болуға үндейді. Екі томдық болып басылған кітап көпшілік оқырманға арналған.  Бірінші томында 2015 жылға дейін мерзімді басылым бетінде жарық көрген мақалалары жарияланған. Ал екінші томдығында 2015-2020 жылдары жазған публицистикалық дүниелері енгізілген.

Сәдуақас Әбдіқадырұлы еңбек жолында тіл, мәдениет, саясат, экономика саласындағы өзекті тақырыптарды мәселе етіп көтеріп, көпшілік назарына ұсынып келеді. Жинақты оқи отырып, «Қазақ тілі» қоғамының  ел игілігі жолында атқарған жұмыстары мен мәртебелі міндеттерін толық түсінесің. Сонымен қатар өңіріміздегі қоғам қайраткерлері, идеология саласының мамандарымен сырлы сұхбаттары топтастырылған.

                                                                                 Т.ШАЙДУЛЛАҰЛЫ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: