Бейсенбі, 25 сәуiр, 00:42

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Жүз жасаған бәйтерек

28.01.2021

1359 0

Ә.Молдағұлова  атындағы  №173  орта  мектебінің  кітапханашылары  Л.Омарова, Қ.Досымова  9 «в» сынып  оқушыларымен  сынып  жетекшісі А.Балымбетованың  ұйымдастыруымен  қазақтың  ұлы  ақыны, жыр  дүлділі   Жамбыл  Жабаевқа  175  жыл  толуына  орай «Жүз  жасаған  бәйтерек»  атты  оқырмандар  конференциясы  өткізілді.

Аталған шара оқырмандарды  қазақтың  ұлы  ақыны  Жамбыл  Жабаевтың  өмір жолы  және  шығармашылығымен  таныстыру, оның  ақындық  талантын  шәкірт  жүрегіне  ұялату  арқылы  поэзияны  сүю,  бағалай  білуге  ұғындыру,  ақын  шығармалары  арқылы  ұлтжандылық  сезімін  оятып,  адамгершілікке  тәрбиелеу мақсатында  өтті. 

Қазақтың  қара  өлеңін  кие  тұтқан,  жүрегінің  түбінен  қайнап  шыққан  асыл  жырларымен  қалың  жұртшылықтың  махаббатына  бөленген ақынға арналған шарасына 9 «в»  сынып  оқушылары  белсене  атсалысып  Жамбыл  Жабаевтың  өлеңдері мен  айтыстарын,  тарихи-эпикалық  дастандарын жатқа  айтты.  Сонымен  қатар  мектеп  кітапханашысы  Қ.Досымова  «Жыр  алыбы  Жамбыл»  атты  кітап  көрмесімен  таныстырды.

Жамбыл – таза  ұлттық  құбылыс.  Жүзге  жеткенше  жүрегінен  жыр  төгілген ұлтымыздың  ұлы  жырауы  ең  алдымен  ұлтына  керек,  қадір  тұтқан  халқына  керек. Ал ел ертеңін жалғар жастардың ұлтымыздың ұлы өкілдерін жадыда сақтап, шығармашылығына қызықса ұлттық болмысымызды мәңгі сақтайтынымыз рас.

Л.ОМАРОВА,

№173 орта мектептің кітапхана меңгерушісі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: