Сенбі, 27 сәуiр, 22:43

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33 – 2043
27.04.2024
PDF мұрағаты

12 қаңтарға арналған жұлдыз жорамал

12.01.2024

433 0

Сурет: kaz.nur.kz

Бүгін жұлдыз жорамал бойынша сізді не күтіп тұрғанын біліңіз. Жұлдыз жорамалға сүйене отырып, өзіңіздің жұмыс жоспарыңызды тиімді құрып, жеке қарым-қатынасыңызды дамыта аласыз және күнделікті денсаулығыңызды бақылай аласыз.

Жұлдыз жорамал: Тоқтыларды бүгін не күтіп тұр? Мүмкін болса, күнді өзіңге арнаңыз, жоспарланбаған кездесулерден бас тартыңыз: эмоционалды жеңілдеуді сезіну артық етпейді. Ескі доспен кездесу өткен күндерді еске түсіруге көмектеседі. Оған ерекше сыйлық жасаңыз.

Жұлдыз жорамал: Торпақтарды бүгін не күтіп тұр? Сәттілік серігіңіз болады. Сізде барлығы жақсы, сондықтан мақсаттарыңызға назар аударыңыз. Күннен қорғайтын сапалы көзілдірік пен компьютерлік көзілдірік сатып алыңыз: көзіңізді қорғау – өз денсаулығыңызға салынған баға жетпес инвестиция.

Жұлдыз жорамал: Егіздерді бүгін не күтіп тұр? Үйде тазалық күнін ұйымдастыратын күн, мұны кейінге қалдырып жүрген болсаңыз бүгін үйіңізді жинап қойғаныңыз дұрыс. Белсенді болыңыз, ой бөлісіңіз. Ақшаға қатысты жұмыс мәселелерін талқылаңыз. Ескі және жаңа достардан көмек сұраңыз. Одақтастармен бірге сіз көп нәрсеге қол жеткізесіз.

Жұлдыз жорамал: Шаяндарды бүгін не күтіп тұр? Егер сізде еш себепсіз алаңдаушылық сезімі пайда болса – қолыңыздан келетін шаруалар мен жасауыңыз керек жұмыстар тізімін жазып көріңіз. Бұл өміріңізді өз бақылауыңызда ұстауға мүмкіндік береді. Демалыс күндері достарыңыз үшін еш себепсіз кеш ұйымдастырыңыз, бұл сізге өмірдің дәмін қайтаруға мүмкіндік береді, ал жақын адамдарыңыз бұл қадамыңызды ұзақ уақыт бойы талқылайтын болады.

Жұлдыз жорамал: Арыстандарды бүгін не күтіп тұр? Денсаулыққа мұқият болыңыз, аздап өзіңізді жайсыз сезінуіңіз мүмкін. Кешке тыныштық пен жалғыздықта демалыңыз. Қызықты адамдармен танысыңыз, келісімге келіңіз, қызықты және пайдалы ақпарат алыңыз.

Жұлдыз жорамал: Бикештерді бүгін не күтіп тұр? Балаларға отбасындағы қарым-қатынастың қандай болатынын көрсету маңызды. Ата-ана арасындағы қатынас сыйластыққа негізделген әрі жылы болса, онда бала да осындай ортаны іздейтін болады. Балалардың көзінше қатты айғайлап, дауыс көтермеуге тырысыңыз. Басшылық әріптестеріңіздің біріне тәлімгер болуды ұсынуы мүмкін, дайын болыңыз. Бас тартпаңыз, бұл сіздің мансабыңызға жақсы әсер ететін жағымды тәжірибе болады.

Жұлдыз жорамал: Таразыларды бүгін не күтіп тұр? Жарақат алу қаупі жоғары. Бүгін жаттығулардан бас тартқан дұрыс, бас тартпаған жағдайда барынша сақ болыңыз. Барлығын жүрекке жақын қабылдамаңыз. Қиындықтардың орын алуы – қалыпты жайт. Өзіңізді-өзіңіз жей бермеңіз, сонда кімді болса да оңай жеңе аласыз.

Жұлдыз жорамал: Сарышаяндарды бүгін не күтіп тұр? Зодиак белгісінің нәзік жанды өкілдеріне макияж трендтерін көзсіз қуалауға кеңес бермейміз: барлық адамның бет-әлпеті әр түрлі және бір макияж техникасы бәріне бірдей сәйкес келе бермейді. Шынайы болыңыз және өзіңізге жарасатын макияж жасаңыз. Денсаулық пен өмір сапасы тікелей көңіл-күйге байланысты. Қатты көңіліңізді түсірмеңіз. Бұрыннан армандаған ісіңізді орындап, өзіңізді қуантыңыз.

Жұлдыз жорамал: Мергендерді бүгін не күтіп тұр? Сіз басқалардың көңіл-күйі мен сезімдеріне ерекше сезімталдық танытасыз. Осының арқасында сіз кез келген адаммен жеңіл тіл табысып, достарыңызбен арадағы жанжалды шешуге көмектесе аласыз. Бүгін жұмыстарға көңіл бөлу қиын болады. Әңгімелерге, жағымсыз ойларға және айналаға алаңдайсыз. Қазіргі уақытқа зейін қойыңыз, өткеннің көңіл-күйіңіз бен өнімділігіңізге кедергі келтіруіне жол бермеңіз.

Жұлдыз жорамал: Тауешкілерді бүгін не күтіп тұр? Бұл күнді жеке өзіңізге арнаңыз: өзіңіз үшін күндізгі немесе кешкі мәдени ойын-сауық бағдарламасын ойлап табыңыз және жеке өзіңізге арналған уақыттан рахат алыңыз. Бұл сізге өзіңізді көбірек бағалауға және жақсы көруге көмектеседі. Ата-анаңызбен қарым-қатынас жасауда шыдамды болыңыз, бүгін жақын адамдардың көзқарасы әр түрлі болуы мүмкін екеніне көз жеткізесіз.

Жұлдыз жорамал: Суқұйғыштарды бүгін не күтіп тұр? Киім жуу кезінде киім күтіміне арналған өнімдерді қосып жуып көріңіз. Соның арқасында киіміңіз реңкін сақтап, сізге ұзақ жылдар қызмет етеді әрі тозбайды. Отбасылық бюджетті жоспарлауға қолайлы күн.

Жұлдыз жорамал: Балықтарды бүгін не күтіп тұр? Жаңа таныстардан бас тартпаңыз. Бүгін сіздің өміріңізде болашағыңызды өзгертетін адамдар пайда болады. Бұл күн тек қарым-қатынасқа ғана емес, міндеттемелерді орындауға да қолайлы. Әріптестермен достық қарым-қатынаста болу үшін қолайлы күн: біреуді кофе ішуге шақырудан немесе бірге түскі ас ішуден тартынбаңыз.

Ақпарат дереккөзі: kaz.nur.kz

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: