Дүйсенбі, 09 желтоқсан, 08:19

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№97-2107
07.12.2024
PDF мұрағаты

13 қыркүйекке арналған жұлдыз жорамал

13.09.2023

526 0

Жұлдыз жорамалы бойынша сізді не күтіп тұрғанын біліңіз. Біздің жұлдыз жорамалымызға сүйене отырып, сіз жұмыс жоспарыңызды тиімдірек құра аласыз, жеке қарым-қатынастарыңызды дамыта аласыз және күнделікті денсаулығыңызды бақылай аласыз.

Жұлдыз жорамал: Тоқтыларды бүгін не күтіп тұр? Балаңыз бүгін бір ерекше өтініш айтып, сізге жүгінуі мүмкін. Оның өтінішін орындауға тырысыңыз, бұл сіздердің арақатынасыңызға жақсы әсер етеді. Сүйіктіңізбен арадағы құмарлық сезімін қайтару, романтикаға қайта бой алдыру мүмкіндігі зор.

Жұлдыз жорамал: Торпақтарды бүгін не күтіп тұр? Бүгін жақын досыңызбен сөйлесуге кемінде 15 минут уақыт бөліңіз, сіздің қолдауыңыз дәл қазір өте қажет. Спортты өміріңізге енгізуге қолайлы күн: жай ғана жаттығулар жасап көріңіз, бұл жағымды эмоциялар сыйлайды.

Жұлдыз жорамал: Егіздерді бүгін не күтіп тұр? Ерлі-зайыптылар арасында бала тәрбиелеу әдістеріне қатысты жанжалдар жиі болып тұрады. Балалар психологиясы туралы кітапты бірге оқуға келісіңіз, бірақ әзірше балаларды саябаққа серуендеуге апарыңыз.

Балаңызға өзінің ойын, пікірін ашық білдіруді үйретіңіз. Бұл өзара жақсы қарым-қатынасты сақтауға көмектеседі.

Жұлдыз жорамал: Шаяндарды бүгін не күтіп тұр? Іш киіміңізді жаңартып, өзіңізді қуантыңыз. Сатып алғаныңызға кейін өкінбеу үшін ең алдымен ыңғайлылыққа артықшылық беріңіз. Отбасыңызбен және жақын туыстарыңызбен жақсы қарым-қатынас орнатуға тамаша күн.

Жұлдыз жорамал: Арыстандарды бүгін не күтіп тұр? Өз қызметіңіздің аясын кеңейтуден қорықпаңыз, бұл жалақыңызды айтарлықтай өсіруге септік болады. Бүгін, әсіресе үй шаруасында абай болыңыз, жарақат алып қалуыңыз мүмкін.

Жұлдыз жорамал: Бикештерді бүгін не күтіп тұр? Ақшаға келіп тірелетін жұмыстарда қателік жіберуіңіз мүмкін. Қаржылық құжаттарды мұқият оқып шықпайынша, оларға қол қоймаңыз. Достарыңыздан хабар күтіңіз: Олардың сізге айтары бар.

Жұлдыз жорамал: Таразыларды бүгін не күтіп тұр? Өзіңіздің үлкенді-кішілі жетістіктеріңізді байқап отырыңыз: өзіңізге сын айтпас бұрын осы жетістіктерді есіңізге алуға мүмкіндік беретін жазба жүргізу артық етпейді. Өзіңізге сеніңіз, өйткені бұл сіз қалаған нәрсеге қол жеткізудің жалғыз жолы. Көңіл-күйіңізді түсіретін жағдай болуы мүмкін. Бұған жол бермеу үшін көбірек сөйлесіңіз, әлеуметтік шараларға қатысыңыз.

Жұлдыз жорамал: Сарышаяндарды бүгін не күтіп тұр? Достарыңызды бір шыны кофеге шақырыңыз, саябақта серуендеңіз,сыр ақтаруға уақыт бөліңіз. Достарыңызға жиі жазып, хабарласып тұрыңыз. Жас келген сайын достықты сақтап қалу да қиынға соғады. Бірақ жақсы адамдар өмір бойы бір-бірін қолдауға дайын екенін ұмытпаңыз.

Жұлдыз жорамал: Мергендерді бүгін не күтіп тұр? Егер бүгін досыңыз сізге аздап ауырып тұрғанына шағымданса, оны міндетті түрде маманнан кеңес алуға жіберіңіз, жағдайдың шектен шығып кетуіне жол бермеңіз. Қарбалас күн болады. Сіз идеялар мен күш-жігерге толысыз және оларды жүзеге асыра аласыз. Мақсатқа жету жолында кедергілер сізді жасыта алмайды.

Жұлдыз жорамал: Тауешкілерді бүгін не күтіп тұр? Өзіңізді басқалармен салыстырмаңыз: әр адамның өз өмірі, мүмкіндіктері мен қажеттіліктері бар. Ең болмаса аз уақытқа тәттіден бас тартыңыз: ол сіздің сымбатыңызға және денсаулығыңызға жақсы әсер етеді.

Жұлдыз жорамал: Суқұйғыштарды бүгін не күтіп тұр? Тапқырлығыңызды, ептілігіңіз бен харизмаңызды көрсетуге тырысып, серіктесіңізді кемсітіп алмаңыз. Онымен бірге сүйікті хоббиіңізбен, спортыңызбен немесе жұмысыңызбен айналысып көріңіз, бұл жақындастырады. Өзгелермен қарым-қатынаста қателіктеріңізді мойындаудан қорықпаңыз: бәріміз пендеміз және қателесуге құқығымыз бар. Ең бастысы, уақытында кешірім сұрап, қайталамауға тырысу.

Жұлдыз жорамал: Балықтарды бүгін не күтіп тұр? Сізбен жанжалдасып қалған адамдарды ту сыртынан талқыламаңыз. Ақылды және парасатты болыңыз. Өз жұбыңызбен арадағы сезімдер туралы айтудан қашпаңыз. Жағымды ойларыңыз бен, жағымсыз пікірлеріңізді де үнемі айтып отырыңыз. Бұл сіздердің арақатынастарыңызды айтарлықтай берік етіп, босқа сөз таластырудан сақтайды. Кейбір кикілжіңдер мен түсініспеушіліктер тек қана сіздің ойыңыз ғана болуы мүмкін.

Ақпарат көзі: nur.kz

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: