Жұма, 11 қазан, 04:51

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№80-2090
08.10.2024
PDF мұрағаты

2 қаңтарға арналған жұлдыз жорамал

02.01.2024

594 0

Сурет: naktyzhuldyzzhoramal

Жұлдыз жорамал бойынша сізді не күтіп тұрғанын біліңіз. Осы жұлдыз жорамалға сүйене отырып өзіңіздің жұмыс жоспарыңызды тиімді құра аласыз және жеке қарым-қатынасыңызды дамыта аласыз. Сонымен қатар күнделікті денсаулығыңызды бақылай аласыз.

Жұлдыз жорамал: Тоқтыларды бүгін не күтіп тұр? Нақты жоспарға сәйкес әрекет етіңіз және керемет жетістікке жетіңіз, жаңа перспективалар мен қызықты мүмкіндіктерді көріңіз. Ескі досыңызға кенеттен тосынсый жасау үшін жақсы күн. Достығыңызды қалай бағалайтыныңызды көрсетіп, жақын адамыңызды қуантыңыз.

Жұлдыз жорамал: Торпақтарды бүгін не күтіп тұр? Өз пікіріңізді қорғауға тырысып, сіз кейде жақын адамдарыңызға қатты сөйлеп қоюыңыз мүмкін. Жанжалдарды болдырмау үшін өзіңізді ұстаңыз және шыдамдылық танытыңыз. Сұлулық стандарттарының қалай өзгергені және өзгеріп жатқаны туралы YouTube арнасындағы танымал бейне-роликтердің бірін қараңыз. Бұл олардың қаншалықты жасанды, мағынасыз екенін және ондай стандарттарды қуудың еш мәні жоқ екенін түсінуге, өзіңізге ұнайтын нәрсеге көбірек назар аударға тырысқаныңыз жөн екенін ұғынуға мүмкіндік береді.

Жұлдыз жорамал: Егіздерді бүгін не күтіп тұр? Өз ортаңыздағы біреуге кездейсоқ комплимент айтыңыз: ол бұл адамның да, сіздің де көңіл-күйіңізді көтереді. Құжаттар жинақталған папкаңызды реттеңіз. Бұл сізге ұнайтын тірлік болмаса да, кейін бәрін реттеп қойғаныңызға риза боласыз.

Жұлдыз жорамал: Шаяндарды бүгін не күтіп тұр? Егер сіз үй жануарыңызды тым еркелетіп жіберген болсаңыз, бүгін оны тәртіпке үйретіп бастау үшін жақсы күн. Интернетте үй жануарларын жақсы мінез-құлыққа үйрету туралы көптеген кеңес бар. Қиын жағдайда жалғыз қалудан қорықпаңыз: сізге көмектесетін және сөзбен де, іспен де қолдайтын жандар бар.

Жұлдыз жорамал: Арыстандарды бүгін не күтіп тұр? Жақын адамдармен сөйлесу оңай болмайды: кез келген ескерту жанжалға айналуы мүмкін. Бұл күні өзіңізге көңіл бөліп, сүйікті ісіңізбен айналысқаныңыз абзал. Жақсы ұйқы күш-қуатыңызды қалпына келтіреді. Денсаулығыңызды жақсарту үшін шөп шайы мен ароматерапияны қолданыңыз.

Жұлдыз жорамал: Бикештерді бүгін не күтіп тұр? Жан-жағыңыздағы адамдарға назар аударыңыз: бәлкім сізді ренжітетін, жағымсыз эмоция сыйлайтын адамдардан аулақ болғаныңыз абзал шығар. Қарым-қатынаста сыйлықтар, тосынсыйлар және қамқорлық күтіңіз. Сүйіктіңізге қаншалықты риза екеніңізді көрсетіңіз.

Жұлдыз жорамал: Таразыларды бүгін не күтіп тұр? Егер сізді әлдебір ой мазалап жүрсе, онда оны сүйікті адамыңызбен талқылаудан қашпаңыз. Серіктестіңіз сізге қажет көмек пен қолдауды көрсетеді. Жұмыс тапсырмасын өз бетіңізше орындай алмасаңыз, әріптестеріңізден көмек сұраңыз. Бұл – барлығын өзіңіз жасауға тырысып, қателіктерге бой алдырып, оны қайта жасағаннан жақсы.

Жұлдыз жорамал: Сарышаяндарды бүгін не күтіп тұр? Бүгін сіз өзгелер қызығатындай үлкен батылдық танытасыз. Өзіңіз туралы айтудан қысылмаңыз. Нәтижесі тез-ақ болады. Кез келген жағдайда салмақты шешімдер қабылдап, сабырлылық танытыңыз. Жұмыста жоғарылатуды сұрамас бұрын, қазіргі лауазымыңыздағы еңбегіңізді және көбірек жауапкершілік алуға дайын екеніңізді байсалды түрде бағалауға тырысыңыз.

Жұлдыз жорамал: Мергендерді бүгін не күтіп тұр? Жақындарыңыздан көмек алудан тартынбаңыз, керісінше олар барынша көмек көрсетеді. Құмар ойынын ойнаушылар арбалудан аулақ болуы керек.

Жұлдыз жорамал: Тауешкілерді бүгін не күтіп тұр? Бүгін екінші жартыңызды немесе сүйіктіңізді өзіңіздің проблемаларыңызбен шаршатпаңыз. Оның өзі де проблемалардан көз ашпай жүруі мүмкін. Әріптестермен кофе-брейктерге бейжай қарамаңыз, бұл сіздің мансап бойынша кенеттен көтерілуіңізге себеп болуы мүмкін.

Жұлдыз жорамал: Суқұйғыштарды бүгін не күтіп тұр? Әлеуметтік желідегі хабарландыруларды өшіріңіз, бұл сізге жұмысқа көңіл бөлуге, оны жақсырақ орындауға және басшылықтан мақтау естуге мүмкіндік береді. Үйдегі міндеттер барлық отбасы мүшесіне теңдей үлестірілгенін қадағалаңыз. Тұрмыстың барлық проблемасын өзіңіз ғана көтермеңіз.

Жұлдыз жорамал: Балықтарды бүгін не күтіп тұр? Күннен қорғайтын кремді қолдануды әдетке айналдырыңыз. Мұндай негізгі қорғаныс терімізге жыл бойы қажет, ол теріні ұзақ жылдарға жас ұстауға көмектеседі. Кешті отбасыңызға арнап, барлығына махаббат пен қамқорлық сыйлаңыз. Жақындарыңыз сіздің оларға көңіл бөлгеніңізді қалайды.

Ақпарат дереккөзі: kaz.nur.kz

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: