Сәрсенбі, 08 мамыр, 06:11

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№36 – 2046
07.05.2024
PDF мұрағаты

21 қазанға арналған жұлдыз жорамал

21.10.2023

610 0

Жұлдыз жорамалы бойынша сізді не күтіп тұрғанын біліңіз. Біздің жұлдыз жорамалымызға сүйене отырып, сіз жұмыс жоспарыңызды тиімдірек құра аласыз, жеке қарым-қатынастарыңызды дамыта аласыз және күнделікті денсаулығыңызды бақылай аласыз.

Жұлдыз жорамал: Тоқтыларды бүгін не күтіп тұр? Көңіл көтеру үшін косметикалық лайфхак қолданып көріңіз: сіз макияжға жұмсайтын уақытты айтарлықтай азайтудың жолын таба аласыз. Демалыс күндері достарыңыз үшін еш себепсіз кеш ұйымдастырыңыз, бұл сізге өмірдің дәмін қайтаруға мүмкіндік береді, ал жақын адамдарыңыз бұл қадамыңызды ұзақ уақыт бойы талқылайтын болады.

Жұлдыз жорамал: Торпақтарды бүгін не күтіп тұр? Кешті жақындарыңызбен әңгіме-дүкен құруға, телешоулар мен шай ішуге арнаңыз. Әңгімелесу барысында маңызды дүниелерді талқылаудан аулақ болыңыз. Сән қумаңыз, өз стиліңізді сезініңіз, бұл сізге керемет көрінуге және бір айдан кейін-ақ сәннен шығып қалатын трендтік заттарды сатып алмай, ақшаңызды үнемдеуге мүмкіндік береді.

Жұлдыз жорамал: Егіздерді бүгін не күтіп тұр? Әлеуметтік желідегі хабарландыруларды өшіріңіз, бұл сізге жұмысқа көңіл бөлуге, оны жақсырақ орындауға және басшылықтан мақтау естуге мүмкіндік береді. Достарыңызды бір шыны кофеге шақырыңыз, саябақта серуендеңіз,сыр ақтаруға уақыт бөліңіз.

Жұлдыз жорамал: Шаяндарды бүгін не күтіп тұр? Бүгін күйік шалу не жарақат алу қаупі жоғары. Ондайға жол бермес үшін өте мұқият және абай болыңыз. Қажетті адамдармен келіссөздер жүргізу үшін өзіңіздің туа біткен сүйкімділігіңіз бен харизмаңызды пайдаланыңыз.

Жұлдыз жорамал: Арыстандарды бүгін не күтіп тұр? Бүгін сіз сәтті сауда жасайсыз немесе ақшаны еселеудің тиімді жолын табасыз, бұл мүмкіндікті пайдаланыңыз. Түстен кейін сізді жақсы жаңалық күтіп тұр. Гардеробыңызды тазалаңыз: кимейтін киімдерден арылыңыз және жаңа заттарға орын босатыңыз.

Жұлдыз жорамал: Бикештерді бүгін не күтіп тұр? Эмоцияларды көрсету қалыпты және дұрыс, бұл туралы отбасыңызбен сөйлесіңіз. Ар-ұжданыңызбен мәміле жасауға тырыспаңыз: қалайтын және қолайлы жолмен емес, дұрыс жолды таңдап әрекет етіңіз, осылайша болашақта өзіңізді жазғырудың қажеті болмайды.

Жұлдыз жорамал: Таразыларды бүгін не күтіп тұр? Әдепті және ұстамды болыңыз: бүгін әріптестермен кішігірім қақтығыстар орын алуы мүмкін. Ерлі-зайыптылар арасында бала тәрбиелеу әдістеріне қатысты жанжалдар жиі болып тұрады. Балалар психологиясы туралы кітапты бірге оқуға келісіңіз, бірақ әзірше балаларды саябаққа серуендеуге апарыңыз.

Жұлдыз жорамал: Сарышаяндарды бүгін не күтіп тұр? Бүгін достарыңызға сіздің сыныңыздан гөрі қолдауыңыз қажет болар. Хабарласып, жылы сөз айтып көріңіз. Ата-анаңызға міндетті түрде қоңырау шалыңыз.

Жұлдыз жорамал: Мергендерді бүгін не күтіп тұр? Теріңіздің күйіне назар аударыңыз. Мүмкін сізге оның күтіміне өзгеріс енгізу керек шығар. Адамдармен тіл табысу тұрғысынан сәттілік күтіп тұр. Пайдалы ақпарат қолыңызға түседі, болашақта кәдеге жарар жаңа дағдыны үйренесіз. Қиялға ерік беріңіз және армандаудан қорықпаңыз. Түстен кейін бұрынғы тірліктеріңізді жалғастырсаңыз болады.

Жұлдыз жорамал: Тауешкілерді бүгін не күтіп тұр? Өзіңізге қамқорлық жасаңыз және жаңалықтарды оқудан аз уақыт болса да бас тартыңыз. Ұйқыңыз бұзылып жүрсе, жатын бөлмедегі температураға назар аударыңыз: салқын бөлмеде ұйықтау жақсы, ұйықтар алдында бөлмені желдетуді ұмытпаңыз және тым қалың көрпе жамылып ұйықтамаңыз.

Жұлдыз жорамал: Суқұйғыштарды бүгін не күтіп тұр? Белсенді болыңыз, ой бөлісіңіз. Ақшаға қатысты жұмыс мәселелерін талқылаңыз. Ескі және жаңа достардан көмек сұраңыз. Одақтастармен бірге сіз көп нәрсеге қол жеткізесіз. Тапқырлығыңызды, ептілігіңіз бен харизмаңызды көрсетуге тырысып, серіктесіңізді кемсітіп алмаңыз. Онымен бірге сүйікті хоббиіңізбен, спортыңызбен немесе жұмысыңызбен айналысып көріңіз, бұл жақындастырады.

Жұлдыз жорамал: Балықтарды бүгін не күтіп тұр? Құжаттар жинақталған папкаңызды реттеңіз. Бұл сізге ұнайтын тірлік болмаса да, кейін бәрін реттеп қойғаныңызға риза боласыз. Серіктесіңізді жиі құшақтап, сүйіңіз. Бірге болғаныңызға біраз жыл болса да, бұл өте маңызды. Сол себепті кейінге қалдырмаңыз.

Ақпарат көздері:kaz.nur.kz

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: