Дүйсенбі, 09 желтоқсан, 16:18

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№97-2107
07.12.2024
PDF мұрағаты

Қазақстанда тұтынушыларға жылу үшін 490 миллион теңгеге жуық қаржы қайтарылады

01.08.2022

729 0

Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитеті тұтынушыларға жылу үшін 490 миллион теңгеге жуық қаражат қайтарылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қазақстанның барлық өңірі бойынша жылу энергиясын есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау қызметтерінің құнын қайта есептеу бойынша жұмыстар жүргізген. Жұмыс қорытындысы бойынша қайта есептеу нәтижесінде жылу маусымында (2022-2023 жылдары) немесе күнтізбелік жыл үшін (2022 жылдың соңына дейін) қаражатты қайтару халықтың жеке шотында көрсетіледі және аванс (сальдо) түріндегі жеке жолда жазылады.

“Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнаманың нормаларына сәйкес табиғи монополия субъектісі сырттағы ауаның нақты температурасын ескере отырып, жылу энергиясымен жабдықтау бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтің құнын тұтынушыларға тікелей не тұтынушының тұрған жерін анықтау мүмкін болмаған жағдайда жылу энергиясымен жабдықтау бойынша реттеліп көрсетілетін қызметке ақы төлеу кезінде тарифті төмендету арқылы қайта есептеуді жүргізуге мiндеттi”, – делінген комитет хабарламасында. 

Осылайша, өткен 2021-2022 жылдардағы жылыту кезеңінде жылумен жабдықтау бойынша қызмет көрсететін табиғи монополия субъектісі жылу энергиясының төлеміне ҚҚС-ты ескере отырып жалпы сомасы 489 950 250 теңгеге қайта есептеу жүргізген. 

Мәліметке сәйкес, ең көп сома Шығыс Қазақстан облысында қайтарылады (186 251 070), ал ең аз сома – Батыс Қазақстан облысында (786 580).

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: