Жұма, 03 мамыр, 19:54

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

30 желтоқсанға арналған жұлдыз жорамал

30.12.2023

490 0

Сурет:rv-news.ru

Жұлдыз жорамал бойынша сізді не күтіп тұрғанын біліңіз. Осы жұлдыз жорамалға сүйене отырып, сіз жұмыс жоспарыңызды тиімдірек құра аласыз, жеке қарым-қатынастарыңызды дамыта аласыз және күнделікті денсаулығыңызды бақылай аласыз.

Жұлдыз жорамал: Тоқтыларды бүгін не күтіп тұр? Егер сізді денсаулығыңызда бірнәрсе мазаласа, дәрігерге баруды кейінге қалдырмаңыз, оның салдары болуы мүмкін. Тоңазытқышты тазалауды кейінге қалдырып келген болсаңыз, бүгін оны іске асырудың сәті түсіп тұр.

Жұлдыз жорамал: Торпақтарды бүгін не күтіп тұр? Бүгін достарыңыздың бірін ерекше қуантуы мүмкін сыйлыққа көзіңіз түседі, оны алдын ала сатып алыңыз, бұған еш өкінбейсіз. Сүйіктіңізді қуанту үшін оның не қалайтынын сұрау – әбестік емес. Бұл жақын адамыңыздың көңілін көтереді және осылайша арақатынасыңыз жақсарады.

Жұлдыз жорамал: Егіздерді бүгін не күтіп тұр? Өзіңізге сын көзбен қарамаңыз: тіпті өзіңізді майда-шүйдеге кінәлауға дайын тұрсаңыз да, сынаудан аулақ болыңыз, сіз өзіңізге келгенде тым қаталсыз. Егер сүйіктіңіз бар болса, онда ұрыс-керістің туындауын күтпей-ақ, жиналып қалған өкпе-ренішіңізді сабырмен, ашу-ызасыз жеткізіңіз.

Жұлдыз жорамал: Шаяндарды бүгін не күтіп тұр? Сіз қиындықтарға тап боласыз, бірақ оларды абыроймен жеңе аласыз. Достар көмектеседі. Қателіктерді болдырмау үшін олардың кеңестерін тыңдаңыз. Кенже балаларыңызға қарау жауапкершілігін үлкен балаларыңызға жүктемеңіз. Себебі осы арқылы балалардың өзара қарым-қатынасы бұзылуы мүмкін.

Жұлдыз жорамал: Арыстандарды бүгін не күтіп тұр? Қандай да бір мәселеге қатысты күмәніңіз болса, достарыңыздан кеңес сұраңыз, сіз міндетті түрде мәселенің шешімін табасыз. Жанжалдарға араласпағаныңыз, жауапкершілікті өз мойныңызға алмағаныңыз және артық уәде бермегеніңіз абзал.

Жұлдыз жорамал: Бикештерді бүгін не күтіп тұр? Бүгін жақын адамыңызбен арадағы реніштерге жол бермеңіз. Ашуыңызды басып, сабырмен араға бірер күн салып барып, сөйлесіңіз. Себебі, бүгін нәтиже болмауы мүмкін. Өзіңізге үнемдемеңіз, көптен армандаған дүниелерді алатын кез келді. Дүкенге барып, қымбат заттар сатып алыңыз.

Жұлдыз жорамал: Таразыларды бүгін не күтіп тұр? Бүгін тәуекелге барыңыз, бұған дейін батылдық танытпаған жарқын және экстравагантты нәрсені киіңіз. Айналаңыздағы адамдар сізге тәнті болады. Тілектеріңізді жазып, олардың орындалатынына сеніңіз.

Жұлдыз жорамал: Сарышаяндарды бүгін не күтіп тұр? Жұмысқа алаңдамаңыз, бірнеше күннен кейін бәрі қалпына келеді. Бейтаныс адамдармен сөйлескенде сақ болуды балаға жастайынан үйрету керек. Бүгін де дәл осыны ескертетін күн. Бала өзінің жеке шекарасын қорғауды кішкентайынан біліп жүруге тиіс.

Жұлдыз жорамал: Мергендерді бүгін не күтіп тұр? Бұл күн кездесулерге толы болады. Пікірлес, қызықты адамдарды, әлеуетті серіктестерді іздеуге және қарым-қатынас құруға қолайлы күн. Сондықтан бейтаныс адамдармен сөйлесуден қорықпаңыз. Басқа істің бәрін қойып, отбасыңызға уақыт бөліңіз. Жақын жандарға жылулық жетіспейді.

Жұлдыз жорамал: Тауешкілерді бүгін не күтіп тұр? Бүгін денсаулығыңызға уақыт бөліңіз. Егер сізде аурудың белгілері болса, дәрігеріңізбен кездесуге жазылыңыз. Көңіл-күйіңіз болмаса, қысқа әрі қарқынды физикалық жаттығулар жасап көріңіз: YouTube-тен физикалық жаттығуға қатысты он минуттық бейнеролик таңдап, энергияны сыртқа шығарыңыз. Бұл уақытты тиімді өткізуге әрі көңіл-күйді жақсартуға көмектеседі.

Жұлдыз жорамал: Суқұйғыштарды бүгін не күтіп тұр? Кешке достарыңызбен кездесуді жоспарламаңыз, бүгін жұмыстан кеш шығуыңызға тура келуі мүмкін. Достарыңыздың жеңістерін қызғанбаңыз. Олардың жетістіктері арқылы шабыттанып, тәжірибеден сабақ алыңыз, сонда сәттілік сізге серік болады.

Жұлдыз жорамал: Балықтарды бүгін не күтіп тұр? Достық қарым-қатынас жақсы көңіл-күйді жоғалтпауға көмектеседі және үмітіңіз таусылғанда күш береді. Бүгін осыны ұмытпаңыз. Гардеробыңызды тазартуға және қажетсіз ескі дүниелерден арылуға тамаша күн.

Ақпарат дереккөзі: kaz.nur.kz

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: