Жұма, 03 мамыр, 00:26

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Әйелін өлтірген Қуандық Бишімбаевтың ұсталғаны расталды

10.11.2023

732 0

Экс-министр Қуандық Бишімбаев ұсталғаны расталды.

Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Сәкен Сәрсенов айтты.

«Ол ұсталды. Қазір тергеу жүріп жатыр. Қалғанына қатысты түсінік бере алмаймын. Жұмыс барысында сізге қосымша ақпарат беріледі», – деді министрдің орынбасары.

Еске салайық, бұған дейін экс-министр Бишімбаев әйелін ұрып өлтірді деген күдікке ілінгені хабарланды.

Бұрынғы ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаев бұған дейін де істі болған. Ол 2018 жылғы наурызда 10 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Ол пара алу және ақша жымқыру істерінде айыпты деп танылған еді.

Бишімбаевтың сот ісі төрт айдан аса уақытқа созылды. Онымен бірге бұл істе 22 адам сотқа тартылған еді. Олар «Бәйтерек DEVELOPMENT» АҚ экс-қызметкерлері, кәсіпкерлер және құрылыс компанияларының өкілдері болды.

Кейін экс-шенеунік 10 жылға сотталса да, тура 19 ай өткенде бостандыққа шыққан. 

Ақпарат дереккөзі: massaget.kz

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: