Жексенбі, 08 желтоқсан, 14:08

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№97-2107
07.12.2024
PDF мұрағаты

Аграрлық саланың жетістіктері

27.12.2023

682 0

Мемлекет қолдауының арқасында облыстың ауыл шаруашылығы саласы қарқынды дамуда.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес биылғы жылдың 11 айында- ауыл шаруашылығында 211,7 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өсім көрсеткіші 2,5%-ға артты.- ауыл шаруашылығының негізгі қорына 10,0 млрд. теңге инвестиция салынып, өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 144,9%-ды құрады.- тамақ өнімдерін өндірудегі негізгі капиталға 2 216,8 млн. теңге инвестиция салынып, өсім көрсеткіші 3,1 есеге артты.

Облыста жыл сайын егіс алқаптары ұлғайып келеді. Биылдың өзінде егіс көлемі өткен жылмен салыстырғанда 4,8 мың гектарға ұлғайып, жалпы 193,4 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Негізгі дақыл күріштің көлемі 89,0 мың гектарды құрады.

Су тапшылығына қарамастан егін жинау қорытындысымен 4,8 мың тонна майлы дақылдар, 493,1 мың тонна картоп, көкөніс, бақша дақылдары және 521,2 мың тонна дәнді дақылдар оның ішінде 503,3 мың тонна күріш қамбаға құйылды.

Өңірдің мал шаруашылығы саласында оң динамика қалыптасуда.Мал басын былтырғы жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда МІҚ – 3,2%-ға, қой мен ешкі –2,9%-ға, жылқы 8,4%-ға, түйе 3,5%-ға, құс 0,4%-ға көбейіп, тиісінше, ет өндірісі 2,0 %-ға, сүт өндірісі 1,5%-ға артып отыр.

Ауыл аймақтарын дамыту бағытында «Ауыл аманаты» жобасын іске асыру бойынша облысқа биылғы жылы 3,0 млрд. теңге қаржы бөлініп, барлығы 406 жобаға 33 кооператив пен 373 жеке кәсіпкерлерге жеңілдетілген несие берілді. Өңірдің ауыл шаруашылығы саласын әрі қарай дамыту мақсатында биыл жалпы құны 6,7 млрд. теңгені құрайтын 9 инвестициялық жоба іске қосылып, 107 адам тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: