Бейсенбі, 02 мамыр, 10:53

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

… Аязы болар артынан

05.01.2024

470 0

Сурет: forumdaily.com

Күн жылыды екен деп жеңіл киінуге әсте болмайды. Бұрынғылар «қыстың әр күні сынақ» дейді екен. Қаңтардың енді ғана табалдырықтан аттағанын назарға алсақ, қыстың қытымыр аязы әлі алда.

Синоптиктер 6-8 қаңтарда қыстың тағы да қаһарланатынын айтуда. Нақтырақ айтсақ, «Қазгидромет» РМК 6-8 қаңтар аралығында елімізде -30 градусқа  дейін күн суытуы мүмкін деген болжам жасап отыр.

Атлантикалық циклон мен атмосфералық фронтальдың әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде қар жауатын көрінеді. Мамандардың сөзінше, оңтүстік облыстарда қар аралас жауын болады. Тіпті республика бойынша тұман түсіп, жел күшейіп, кейбір жерлерде көктайғақ күтілуде. Соның ішінде Қызылордада бар.

«Солтүстік-батыс антициклон арқылы суық ауа массасы еліміздің батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде және шығысында температураның күрт төмендеуіне әкеледі. Осылайша, түнде батыста және солтүстік-батыста аяз болып, температура -8-25 градусқа дейін төмендейді. Ал елдің солтүстігінде -5-30 градус аяз болса,  республиканың шығысында    -5-18 градусқа дейін күн суытады. Оңтүстік облыстарда түнде -5, күндіз цельсий бағаны +7 көрсетеді», делінген «Қазгидромет» РМК  таратқан хабарламада.

112-ден де Қызылорда облысында қалың тұман мен көктайғақ болатыны жазылған хабарламалар келуде.

Қыстың әр күні қаһарлы. Кез келген сәтте ысқырып, кіріп келетінін естен шығармаған абзал.

«Ақмешіт-ақпарат»

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: