Сенбі, 27 сәуiр, 21:38

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33 – 2043
27.04.2024
PDF мұрағаты

Актер Рамазан Амантай артық салмақтың себебін әкесіне деген ренішпен байланыстырды

20.11.2023

402 0

Фото: «Динамен дұрыс» Фотоскрин

Актер Рамазан Амантай әкесімен қарым-қатынасы туралы «Динамен дұрыс» бағдарламасында айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz.

Оның айтуынша, әкесі екеуінің көзқарастары бір жерден шықпай қалатын кездер болады.

«Ол кісінің өз әлемі бар. Екеуміздің көзқарамыз бір жерден шықпай қалып жатады. Бұл кез келген мәселеде солай. Ренжітіп аламын ба деп қорқамын…Бәрін өз қалпында қабылдауға тырысып жүрмін. Бірақ болмай жатыр. Түсіне алмаймын. Өкпе-назым бар екенін жасырмаймын. Бірақ бұл әңгімемнің артын жабу деп қабылдамаңыздар. Менің әкем сияқты балаға көңіл бөлетін, перзентінің қасында бола алған еркектер аз шығар. Тек бір кездер болды, жігіт болып қалыптасып келе жатқанда мен ойлағандай кісіні көре алмай қалған болармын. Бәлкім, содан шығар…Бірақ әкеме ризамын. Біз ер жеткенше алақанына салып, өсірген адам», – деді актер. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: