Сенбі, 04 мамыр, 07:48

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Астанада ақ түтек боран

08.02.2024

385 0

Сурет: tengrinews.kz

Астанада қатты боран соғып тұр. Осыған сәйкес екінші ауысымдағы оқушылар қашықтан оқу режиміне көшті. Ал коммуналдық қызметкерлер тәулік бойы көшелерді, аулаларды, алаңдарды, жолдарды қар мен көктайғақтан тазартуда. Бұл туралы Aqmeshit-aptalygy.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап хабрлайды.

Қатты соққан жел мен қарлы боран әп сәтте қаланының тіршілігін тоқтатқандай. Тіпті жолдарда көрінбейді. Дегенмен, ауа-райының қолайсыздығына қарамастан, қала тұрғындары әдеттегідей өз жұмыстарына асығуда.

Астана қаласы әкімдігінің мәліметінше, таңертеңнен бері қарды тазалауға 2,4 мыңнан астам жол жұмысшысы мен 1,6 мыңнан астам арнайы техника жұмылдырылған. Өткен түнде қаладан 55 мың текше метрден астам қар шығарылды. Бұл 4 мыңға жуық рейсті қажет етті.

Жалпы, қыс басталғалы Астана қаласынан 4 миллион текше метрден астам қар шығарылды, бұл 300 мыңға жуық ауыр жүк көлігінің көлеміне тең.

Қазгидрометтің хабарлауынша, Астанада қарлы боран мен көктайғақ 8-9 ақпанда жалғасады. Бұл ретте оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыстан соғады, екпіні секундына 15-20 метр болса, кейбір уақытта секундына 23-28 метр.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанның басым бөлігінде қарлы боран соғып, жел күшейіп, дауылды ескерту жарияланған болатын.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: