Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен өткен мәжілісте жалпыхалықтық референдумды ұйымдастыруға және жоғары деңгейде өткізуге белсенді атсалысқан азаматтар марапатталды.
«Мемлекет басшымыз «Біз Халық Конституциясын келешек ұрпақ алдындағы жауапкершілігімізді терең сезіне отырып қабылдадық. Ата заң – қуатты, күшті, бәсекеге қабілетті Қазақстанның жаңа Жарғысы. Жаңа Конституция – көне заманнан бері бабаларымызға бағдар болған дала заңдарының бүгінгі жалғасы, ұрпақтар арасындағы сабақтастық көрінісі»,– деген болатын.
Жаңа Ата Заңымыз тәуелсіздігімізді, аумақтық тұтастығымызды сақтайды. Азаматтарымыздың құқықтары мен бостандықтарын қорғайды. Елімізді тың жетістіктер мен табыстарға бастайды. Бірлік пен әділдік, заң мен тәртіп сияқты құндылықтарды орнықтырып, еліміздің ұзақ мерзімді даму бағдарын айқындайды.
Референдумға Сыр жұртшылығы да белсенді қатысып, берекелі бірліктің, тату тірліктің үлгісін көрсетті. Дана халқымыз «Бірлік бар жерде тірлік бар» деген. Жерлестеріміздің жоғары жауапкершілігінің арқасында өңірлер арасында көш бастадық. Сырбойылықтар Мемлекет басшымыздың Әділетті, Қуатты әрі Таза Қазақстанды құру жолындағы бастамаларын әрдайым қолдайтынын тағы бір мәрте айқын дәлел», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.
Жиында Қазақстан Республикасы Президентінің Алғысымен, «Барыс» төсбелгісімен облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов марапатталды. Бірқатар азаматтарға Президенттің Алғыс хаты табысталды.
Айта кетейік, 15 наурызда халқымыз жаңа Конституцияға арналған референдумға белсенді қатысып, мемлекеттің келешек тағдырын айқындады. Президент бүкіл халық атынан жаңа Ата заңға және «Конституцияны іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды.
Халық Конституциясы 1 шілдеден бастап ресми түрде өз күшіне енеді.
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
