Дүйсенбі, 13 мамыр, 16:17

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
37-2047
11.05.2024
PDF мұрағаты

Каратэден алтын алған алғашқы қазақ

30.12.2023

297 0

Биыл Венгрияда өткен Әлем чемпионатында қазақ қызы алтыннан алқа алды. Сыр сұлуы Мөлдір Жаңбырбай каратэден алтын алған алғашқы қазақ.

Ол 2015 жылы Грузияның Тбилиси қаласында өткен олимпиадада каратэ-додан жеңіске жеткен болатын. Содан бері араға бірнеше жыл салып, яғни биыл Хуанчжоуда өткен Азия ойындарында каратэ-додан күміс жүлдені иеленді. Осы сәтте бойын өкініш сезімі кернеген Мөлдір Жаңбырбай өзіне «Азия ойындарында кеткен есені Әлем чемпионатында қайтарамын» деген мақсат қояды.
Сырдың жас спортшысы биыл Венгрияда өткен чемпионатта топ жарып, алғаш рет каратэ-додан әлем чемпионы атанды.
Жас спортшы Мөлдір жақында қалалық «Ақмешіт апталығы» газетіне берген сұхбатында әлемдік жарыстарға қатысу барысында киелі мекен Сыр елі, туған жері атынан сайысқа түсетінін айтып, биылғы жеңісін Сыр еліне арнайтынын жеткізген еді. Сырдың сұлу, батыр қызы Мөлдір сияқты әлемге өзінің атын ғана емес елін, жерін танытып, көк байрақты желбіреткен спортшыларымыз көбейе берсін.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: