Сәрсенбі, 01 мамыр, 12:01

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Мектеп оқушылары зираттағы ескерткіштерді қиратқан

19.11.2023

340 0

Фото: pexels.com

Мектеп оқушылары зираттағы бейіттерді қиратып кеткен. Нәтижесінде олардың ата-аналары бүлінген ескерткіштер үшін жарты миллионнан астам теңге төлеуге мәжбүр болып отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Диапазон басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Оқиға Ақтөбе облысы, Темір ауданына қарасты ауылда болған. Бірнеше мектеп оқушылары зиратты аралап, бейіттерді қиратып кеткен. Олар кәмелет жасына толмағандықтан әкімшілік сот олардың ата-аналарын қылмыс жасады деп айыптады.

Төрт ата-анаға бала тәрбиелеудегі міндеттерін дұрыс орындамағаны үшін айып тағылып, әрқайсысына 24 мың 150 теңге айыппұл салынды. Кейінірек жергілікті тұрғын бұл ата-аналарды сотқа беріп, келтірілген шығынды өтеуді талап етті. Себебі балалар тұрғынның әкесі мен анасының бейітін бүлдірген.

Іс бітімгершілікпен аяқталып, тараптар медиациялық келісімге келіп, сотталушылар ағымдағы жылдың соңына дейін 572 мың теңге материалдық шығынды өтеуге келіскен.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: